"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Лицензияланатын қызмет түрлерi" деген бағандағы 1-тараудың 4-тармағының 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"35) қауiпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу";
2) "Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметті лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары;";
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын теміp жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары";
1-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) темiр жол жылжымалы құрамының жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.";
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Қауіптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутапқыш приборлар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
2) қауіпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердің жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.".