Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 871 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңына  және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі
N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 230, 236-2, 236-5, 236-7, 236-10, 236-11, 236-15, 237-1, 237-1a 237-17-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiне
      283 АЛА - 002060 "Иналмасалтын" ААҚ
      284 КО - 002456 "Қазмырыш" АҚ
      285 "Қазақжарылысөнеркәсібі" ЖАҚ
      286 "Қазқараметавтоматика" АҚ
      287 "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" ААҚ
      288 "Авиаөнеркәсiп" ЖАҚ
      289 "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" АҚ
      290 "Қазақстантрактор" ААҚ
      291 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетiне
      292 "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" ЖАҚ";

      3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      6-тармақтың 10) тармақшасы "iстерi" деген сөзден кейін
", инвестициялар" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеде:
      11-тармақта:
      8) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн бекiту;";
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiмнің реттік нөмірлері 4, 6, 7-жолдары алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi туралы ережеде:
      11-тармақта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық қамту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауы мониторингін жүзеге асыруға қатысу;";
      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15-1) қазақстандық өнім өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндеттi түрде конкурстық негізде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу;
      15-2) мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiретiн салада тiркелген ұйымдар жөнiндегi деректердiң тiркелiмiн қалыптастыру жөнiндегi облыстық атқарушы органдардың қызметiн әдiстемелiк басқаруды жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
      "27) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға рұқсаттар беру;
      28) ұйымдарға экспорттық бақылаудың фирмаiшiлiк жүйелерiн құруға жәрдемдесу және оларға қажеттi ақпараттық-әдiстемелiк қолдау көрсету;
      29) экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн әзiрлеу;
      30) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру;";
      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) нормативтiк құқықтық кесімдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шеңберiнде басып шығару;";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Сауда және туристiк қызметті реттеу комитеті туралы ережеде:
      11-тармақта:
      20) тармақшадағы "туризм саласында кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және олардың бiліктілiгін арттыруға" деген сөздер алынып тасталсын;
      24) және 26) тармақшалар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Бәсекелестiктi қорғау комитеті туралы ережеде:
      11-тармақтың 8) тармақшасы "iстердi" деген сөзден кейін ", сондай-ақ шекаралары бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен асатын белгілi бір тауар рыноктарындағы теріс пиғылды бәсекелестiк туралы iстердi" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақта:
      4) тармақша "заңнаманы" деген сөзден кейін "және терiс пиғылды бәсекелестіктiң жолын кесу саласындағы заңнаманы" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) үлесi тиiстi тауар рыногында отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайға ие мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшін мiндеттi нұсқамалар бeруге;";
      13) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу және" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шегiнде басып шығару;";
      18) тармақшадағы "құқылы" деген сөзден кейiн ";" белгiсі қойылып, мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:
      "19) негiзгi кәсiпорынның органымен еншілес кәсiпорын құруға ұсынымын жоғары тұрған мемлекеттiк басқару келiсуге;
      20) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органнан қажеттi ақпарат сұрауға және оны ұсыну мерзiмiн белгiлеуге құқылы.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi туралы ережеде:
      10-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      11-тармақта:
      1) тармақшадағы "мемлекеттiк және салалық" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) тармақшадағы "республикалық маңызы бар қалалардың, жүз мыңнан астам халқы бар облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақша алынып тасталсын;
      12) тармақшадағы "облыстық және қалалық (астаналық) маңызы бар" деген сөздер "жергiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) қала құрылысы мен сәулет құрылысы тәртiбiнің сақталуын, Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай объектiлер бойынша: стратегиялық; маңызды халықтық-шаруашылық мәні бар трансшекаралық; "бiрегей"; бiрыңғай конструкторлық шешiмi бар объектілер бойынша құрылыстың сапасын қадағалау саласындағы қызметтi үйлестiру.";
      19-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;";
      12-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысуға және өз құзыретiнiң шегiнде басып шығаруға;";
      15) тармақшадағы "құқығы бap." деген сөздерден кейін ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттеу аттестатын беруге, оның қолданысын тоқтатуға";
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi туралы ережеде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шегінде басып шығару.";
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің құрылымы:
      мынадай мазмұндағы бесіншi абзацпен толықтырылсын:
      "Iшкi әкiмшілiк ету бөлiмi";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетінің құрылымында:
      екiншi абзацтағы "инспекциялау және лицензиялау" деген сөздер "және инспекциялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесiнде:
      реттік нөмiрлерi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-жолдардағы ", инспекциялау және лицензиялау" деген сөздер "және инспекциялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
      "Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiмде:
      реттік нөмірлері 2, 4-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 9, 10, 11-жолдармен толықтырылсын:
      "9. "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.
      10. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.
      11. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.";
      "Мемлекеттiк мекеме" деген бөлiмде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелер";
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-жолмен толықтырылсын:
      "2. "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi, Алматы қаласы.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнен кейiн осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiмен толықтырылсын.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат), 1-тармақтың 3) тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда;

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2005 жылғы 24 тамыздағы  
N 871 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Акционерлiк қоғамдар

      1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.