Ел экономикасының мұқтаждары үшiн авиациялық отынның қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қолданысқа енгiзiлген сәтiнен бастап 2006 жылғы 28 ақпан кезеңiнде осы қаулы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн мерзiмдiк декларациялау рәсiмi бойынша бұрын ресiмделген, сондай-ақ арнайы кедендiк режимге орналастырылатын:
реактивтi отынды (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0);
өзгелерiн (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 250 0) қоспағанда, авиациялық отынды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2005.12.31. N
1332
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз), 2006.02.06.
N 70
(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.