Мүліктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiнде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қосымшасымен бірге берiледi.
Лицензияға қосымшада бағалауды Лицензиат жүзеге асыруға құқылы мүліктердің түрлері көрсетiледi, атап айтқанда:
1) мүлiктi бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе,
2) зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердің құнын бағалау.
Қосымшасында "мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда)" көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi (мүлік кешенi ретіндегi кәсiпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлiктi (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады.
Қосымшасында "зияткерлік меншiкті, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" көрсетілген лицензияның негiзiнде зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жүзеге асырылады.
Қосымшасында 1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүлiктiң түрлерi көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi бағалау, жылжымалы мүлiкті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы жарналарды, үлестердi (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншiк объектілерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау, сондай-ақ мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорынды бағалау жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қолданылуы шектеусiз мерзiмге берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Лицензия мен қосымшасының бланкілерi қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тiркеу нөмiрi болады.";
8-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жеке адамның бағалауды жүргiзуге қатысқанын не оны еңбек өтiлiнiң бір жылында кемiнде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды.
Қосымшасында "зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау" көрсетiлген лицензияны алуға үміткер өтiнiш берушiлер үшiн бағалауды жүргiзуге қатысқанын не оны еңбек өтiлiнiң екі жылында кемiнде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Ережеде көрсетiлген мүлiктiң түрлерi бойынша қойылатын бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн Лицензиаттарға мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берiледі.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Мүлiкті бағалауға лицензиясы бар адамдар лицензияға қосымшаға толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшпен жүгіне алады.
Жеке тұлғалар лицензияға қосымшаға толықтырулар енгізу туралы өтiнiшке осы Ереженiң 8-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi, заңды тұлғалар осы Ереженiң 9-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi.
Лицензияға бұрын берiлген қосымша қайтарылуы тиiс.
Лицензияға қосымшаға толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш лицензия беру үшiн белгіленген мерзiмдерде қаралады.";
20-тармақта:
бiрiншi абзацта "Тиiстi мамандандырулар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Бағалау" мамандығы бойынша жоғары білiмiнiң, мамандығы бойынша 1 жылдық жұмыс тәжiрибесінiң болуы немесе,
2) жоғары экономикалық және/немесе техникалық және/немесе заңгерлiк бiлiмiнiң, мүлiктi бағалау саласында 2 жылдық жұмыс тәжiрибесiнiң болуы, сондай-ақ өтінiш берушi жүзеге асыруға үмiттенiп отырған мүлiктi бағалаудың сол түрлерi бойынша арнайы дайындықтан өтуi бiлiктiлiк талаптары қойылады.";
3) тармақша алынып тасталсын;
ескерту алынып тасталсын;
22-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлға оның штатында мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар не мүлiктi бағалауға лицензия алу үшiн бiлiктілiк талаптарына жауап беретiн, осы заңды тұлға оның негiзгi жұмыс орны болып табылатын кемiнде бiр қызметкерi болған кезде мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензия ала алады.";
үшінші абзацта "құрамы өзгерген кезде" деген сөзден кейiн "бiр ай мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын, "Лицензиарға" деген сөзден кейiн "куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Тiзiмде көрсетiлген адамдардың құрамы өзгерген кезде Лицензиат Лицензиарға заңды тұлғаның атынан мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың бұрын берiлген тiзiмiнiң түпнұсқасын қайтаруы тиіс.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Заңды тұлғаның филиалы (өкiлдігі) ашылған жағдайда Лицензиат бір айдың iшiнде бұл туралы филиалдың мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын қызметкерлерiн көрсете отырып Лицензиарға хабарлайды.";