Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 779 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 13-жолдағы 3-бағандағы "мен жерге орналастыру топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 1481  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 479-құжат):
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
      тақырыбындағы "және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген тарауда:
      4-тармақтың 21) тармақшасының 1-бағанындағы "мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi өткiзу" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі