Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 779 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 13-жолдағы 3-бағандағы "мен жерге орналастыру топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату" деген сөздер алынып тасталсын;
      2)  күші жойылды 
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.06.  N 574  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 
      3)  күші жойылды
      Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі