"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Үкiметтiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмiрi 17-1-жолдың 3-бағанындағы "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету, " деген сөздер алынып тасталсын;
2)
күші жойылды
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N
610
(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 25 шілдедегі
N 773 қаулысына
қосымша
1. "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 қаңтардағы N 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 3, 19-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 330 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 121-құжат).
4. "Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 3-тармағы.