Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 771 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2014 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Инженерлiк-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды және Мемлекеттік шекара арқылы өткiзу пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне тұрақты жер пайдалануға:
      1) Қытай Халық Республикасымен шекарада - бұрын бөлiнiп берiлген жерлер, шекара белдеуiндегi де, оның шегiнен тысқары жерлерiндегi де енi 30-50 метр жер телiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы бойындағы бес метрлiк белдеу;
      2) Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түркiменстанмен шекарада - Мемлекеттiк шекара сызығына тiкелей жанасатын енi 30-дан 100 метрге дейiнгi жер телiмдерi берiлсiн.
      Мемлекеттік шекара сызығы маусымдық (тасқындық) өзгерістерге түсетін өзеннің су ағысы бойымен өтетін жағдайда Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекараларда Мемлекеттік шекара сызығына тікелей түйісетін жер учаскелеріне қосымша - ені 30-дан 50 метрге дейін түпкі жағаға (өзен алабына түйісетін және оның үстінен көтерілетін өзенаралық су айырық кеңістігінің бір бөлігі) жапсарлас жатқан жер телімдері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.09 N 2056 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы сызығына тiкелей жанасатын жер телiмдерiн тұрақты жер пайдалану құқығында алғаны үшiн ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджетке өтеуден босатылсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2014 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі