1. Қосымшаға сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
N 758 қаулысына
қосымша
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Қосдәулетов Дулат - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Рашитұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ерлан Әскерұлы министрлігі Заңнама департаментiнiң
директоры, хатшы
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Iлияс Жақыпбекұлы прокурорының бiрiншi орынбасары
(келiсiм бойынша)
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Доскенов - Орталық Қазақстан кәсiпкерлерi
Талғат Қазыкенұлы қауымдастығының президентi - Қазақстан
кәсiпкерлерi форумы Қарағанды қаласы
бойынша өкiлдiгiнiң директоры (келiсiм
бойынша)
Жиреншин - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Қазбек Әбусағитұлы конституциялық және әкiмшiлiк құқық
кафедрасының меңгерушiсi, заң
ғылымдарының докторы, профессор
(келiсiм бойынша)
Нұғманова Эльмира - заң ғылымдарының кандидаты (келiсiм
Әбдiкқызы бойынша)
Ноздрин Валерий - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Владимирович судьясы (келісiм бойынша)
Ыбырайым Нұрлан - Қазақстан Республикасы Парламентiнің
Мұхтарбекұлы Мәжiлісi Аппараты Басшысының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бояркин Сергей - Қазақстан Республикасының Парламентi
Иванович Мәжiлісiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Үкiбаев Ермек - Қазақстан Республикасы Республикалық
Елеуханұлы ұланы қолбасшысының бiрiншi орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бектұров Азат - Қазақстан Республикасының Көлiк және Ғаббасұлы коммуникация вице-министрi
Құрбанбаева Гүлнәр - Қарағанды облысы кәсiпкерлер
Төретайқызы қауымдастығының директоры (келiсiм
бойынша)
Амандықов Қайрат - Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар
Якудаұлы одағы федерациясы төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бiрәлиев Әлжан - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Хамидолаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Әлиев Арыстанбек - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхамедиұлы ақпарат вице-министрi
Беседин Юрий - Астана қаласының Кәсiпкерлер
Анатольевич қауымдастығы заң қызметiнiң басшысы
Тәжияқов Бисенғали - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
Шамғалиұлы
Құдайбергенов Ескендiр - Қазақстан Республикасы Табиғи
Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Қуанғанова Гүлнәр - Қазақстан кәсiпкерлерi форумы атқарушы
Көпбосынұлы директорының орынбасары
Омаров Қадыр - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Тоқтамысұлы сақтау вице-министрi
Сәтқалиев Алмасадам - Қазақстан Республикасының Энергетика
Майданұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Супрун Виктор - Қазақстан Республикасының Экономика және
Васильевич бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Сұлтанов Бақыт - Қазақстан Республикасының Қаржы
Тұрлыханұлы вице-министрi
Әрiпханов Айдар - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Әбдiразақұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Мұқанов Төлеген - Қазақстанның тауар өндiрушiлерi мен
Мұқанұлы экспорттаушылары одағының
вице-президентi
Қожамжаров Қайрат - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Пернешұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары
Бекбаев Ерзат - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Зейноллаұлы Құқықтық қамтамасыз ету және сараптама
орталығы директорының орынбасары, заң
ғылымдарының кандидаты
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N
172
, 2006.09.07. N
846
, 2007.03.20. N
217
қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
N 758 қаулысымен
бекiтiлген
1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгі мiндеттерi:
1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне енгізу үшiн ұсынылған өзгерiстер мен толықтыруларды қарау;
3) мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын қарау;
4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
5) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссияның отырысына материалдар оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiберiледi.
8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың екiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде де өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N
172
қаулысымен.
9. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша белгiлейдi.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiне сұрау салу жолымен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысы хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N
172
қаулысымен.