Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 743 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнайы су көлігінің тиесілілiк табелінде:
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi" деген бөлiмде:
      "Өзен" деген бағанда:
      "Жамбыл" және "Маңғыстау" деген жолдардағы тиiсiнше "1" және "2" деген сандар алынып тасталсын;
      "Қарағанды" және "Павлодар" деген жолдар тиiсiнше "1" және "2" деген сандармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі