Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 743 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң "Орталық Армия үйi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі