"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Орталық) акцияларының мемлекеттiк пакетi "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) жарғылық капиталына берілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру үшiн қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 1, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 21-51-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмiрi 237-14-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметті институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi кезек күттірмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 1 тамыздағы
N 775 қаулысына :
6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі