Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 775 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-ші тармағы 4-ші тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына, "Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің " 108 бабының 4-ші тармағына сәйкес, 2003 жылғы 7 шілдедегі Талас аудандық мәслихаты мен Талас ауданы әкімінің бірлескен шешімін қарастыра отырып облыстық мәслихат пен облыс әкімияты ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Қосымша берілген сызбаға сәйкес 953,5 гектар алаңды алатын "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы "Қаратау" тау-өңдеу кешенінің "Молодежный" кеніші қала аумағынан шығарылып және 243 гектар алаңды алатын "Ақшұқыр" тұрғын үй кеңістігі қала аумағына енгізіліп Қаратау қаласының шекарасы өзгертілсін.
      2. Облыстық жер ресурстарын басқару комитетіне жер-есептеу құжаттамасына өзгерістер енгізуге рұқсат берілсін.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат
      хатшысы