Қазақстан Республикасының Укiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 28 маусымдағы
N 644 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
өкiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер
1. "Тарифтік саясат жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат):
1-тармақта:
Тарифтiк саясат жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi енгiзiлсiн;
көрсетiлген комиссия құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
2. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетілдiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегi мемлекеттік комиссиясының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi енгiзілсiн;
көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 610-құжат):
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi енгiзiлсiн;
көрсетiлген комиссияның құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
5. "Мемлекеттiк органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 254-ө өкiмiне :
мемлекеттiк органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшiнің орынбасары болып енгiзiлсiн;
көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 287-ө өкiмiне :
көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының әкiмшілiк реформасын iске асыру мәселелерi бойынша заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөніндегi жұмыс тобының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген жұмыс тобының құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
7. "Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру және алға жылжыту жөнiндегi ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 26 наурыздағы N 68-ө өкімiне :
көрсетiлген өкiмге 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша өңiрлерде түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-насихаттау топтарының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жетекшi болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген топтың құрамынан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын;
көрсетiлген өкiмге 2-қосымшада:
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-насихаттық топтардың жол жүру кестесiнде, Оңтүстік Қазақстан облысы:
реттiк нөмiрi 7-жолдың "Т.А.Ә" бағанында "О.И.Жұмабеков" деген сөздер "З.Я.Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын.