Мемлекеттік органдардың функцияларын зерделеу және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша ұсынымдар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 254-ө өкімі

      Ресей халқымен ынтымақтастық және Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандары үшін қайғырудың белгісі ретінде:

      1. Қазақстан Республикасында 2004 жылғы 7 қыркүйекте 12.00 сағатта Жалпыұлттық бір минут үнсіздік жариялансын.

      2. Оқу орындарында, әскери бөлімдерде, меншіктің барлық нысандарындағы өзге де ұйымдарда Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекет құрбандары Бір минут үнсіздікпен еске алынсын.
      Жалпыұлттық бір минут үнсіздік кезінде Қазақстан Республикасының электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына өз хабарларын беруді тоқтатып, Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекеттің құрбандары туралы жалпыұлттық еске алу акциясына қосылу ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясының Үкіметімен келісе отырып лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті