Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi
N 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 189-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
1) Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Анпилогов - "Өскемен су электр станциясы AЭС"
Борис Иванович жауапкершілігi шектеулi
серiктестiгiнiң станцияны пайдалану
жөнiндегi директоры (келiсiм бойынша)
Ахметов - "Эй-И-Эс Силк Poуд, Инк."
Дәулет Дәлелұлы компаниясы филиалының мемлекеттік
органдармен байланыстар жөнiндегi
директоры (келiсiм бойынша)
Висков - "KEGOC" ашық акционерлiк
Михаил Александрович қоғамының "Шығыс өңiраралық
электр желілерi" филиалының
директоры (келiсiм бойынша)
Морозов - "Қазмырыш" акционерлiк қоғамы
Игорь Васильевич энергетикалық кешенiнiң директоры,
бас энергетигi (келiсiм бойынша)
Огай - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Эдуард Викторович орынбасары;
"Бертiсбаев Несiпқұл Бертiсбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Электр энергетикасы және қатты жанармай департаментiнiң директоры" деген жолдағы "қатты жанармай" деген сөздер "көмiр өнеркәсiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Богатырев Александр Егорович, Навид Исмаил, Недовесов Виктор Семенович, Рудман Борис Михайлович, Селиханов Дүйсенбай Мағзұмұлы шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының |