Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 629 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi
N 540  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 189-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      1) Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Анпилогов                  - "Өскемен су электр станциясы AЭС"
Борис Иванович               жауапкершілігi шектеулi
                             серiктестiгiнiң станцияны пайдалану
                             жөнiндегi директоры (келiсiм бойынша)

Ахметов                    - "Эй-И-Эс Силк Poуд, Инк."
Дәулет Дәлелұлы              компаниясы филиалының мемлекеттік
                             органдармен байланыстар жөнiндегi
                             директоры (келiсiм бойынша)

Висков                     - "KEGOC" ашық акционерлiк
Михаил Александрович         қоғамының "Шығыс өңiраралық
                             электр желілерi" филиалының
                             директоры (келiсiм бойынша)

Морозов                    - "Қазмырыш" акционерлiк қоғамы
Игорь Васильевич             энергетикалық кешенiнiң директоры,
                             бас энергетигi (келiсiм бойынша)

Огай                       - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Эдуард Викторович            орынбасары;

      "Бертiсбаев Несiпқұл Бертiсбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Электр энергетикасы және қатты жанармай департаментiнiң директоры" деген жолдағы "қатты жанармай" деген сөздер "көмiр өнеркәсiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген құрамнан Богатырев Александр Егорович, Навид Исмаил, Недовесов Виктор Семенович, Рудман Борис Михайлович, Селиханов Дүйсенбай Мағзұмұлы шығарылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия туралы ереже:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі