1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмiрi 123-69-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-69 АЛА-005277 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-8-жолмен толықтырылсын:
"217-8 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің кейбiр мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 531 құжат):
көрсетілген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлiк қоғамы".