Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 506 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 452 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 452 Қаулысымен.

      1. "Тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың резервтiк әдiсiн қолдану кезiнде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақ 2) тармақшадағы "(Қазақстан Республикасы)" деген сөздерден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлiк техниканың және күрделi техникалық жүйелердiң тауар өндiрушiлері қауымдастығы (ҚСЭКЖҚ) заңды тұлғалар бiрлестiгінiң "Қазақстан Республикасына импортталатын тұрмыстық электр тауарларының бағалары бойынша ақпараттық анықтамалық".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі