Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 390 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 207  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "төленетін күнге" деген сөздер "Құрылтай шарты мен Жарғыға қол қою күніне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі