1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық консультативтiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң "Республикалық аллергология орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9-28 Республикалық аллергология орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны", Алматы қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Республикалық аллергология орталығы".