Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық консультативтiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң "Республикалық аллергология орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Республикалық аллергология орталығы".
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі