Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілердiң қауіпсiздiгін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі N 901 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 364-құжат мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілер белгілеу ережесiнде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы;";
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуi тиiс объектілерiнiң тізбесiнде:
"Аса маңызды мемлекеттік объектілер" деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 8-бөлiмшемен толықтырылсын:
"8. "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы" |
||||
Астана қаласы |
||||
1. |
"Қазақстан Даму Банкi" АҚ, Астана қаласы |
1 |
||
Барлығы 1 объект |
";
кестеде:
"Aca маңызды мемлекеттік объектілер" деген I бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 8-жолмен толықтырылсын:
"8 "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы" 1 - - 1";
"Жиыны" деген жолда "1077", "110" деген сандар "1078", "111" деген сандармен ауыстырылсын;
"Тізбе бойынша барлығы" деген жолда "1345", "236" деген сандар "1346", "237" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі