Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 829 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 386-құжат):
3-тармақ алынып тасталсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі