Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 300 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің қарамағына берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 470-183-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 41-1-жолмен толықтырылсын:
      "41-1      "С.Сейфуллин атындағы
                 Қазақ мемлекеттік
                 агротехникалық университетi"
                 республикалық мемлекеттiк
                 кәсіпорны (шаруашылық
                 жүргiзу құқығында)          Астана қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 829  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 386-құжат):
      3-тармақ алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі