Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясында:
13-тармақтың бірінші абзацындағы "кемінде 49 пайызды құрауы" деген сөздер "49 пайыздан аспауы" деген сөздермен ауыстырылсын.