Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы N 270 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 776 қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17.  N 776 қаулысымен.

        Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясында:
      13-тармақтың бірінші абзацындағы "кемінде 49 пайызды құрауы" деген сөздер "49 пайыздан аспауы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі