"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 523-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi туралы ережеде:
9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiседi.".