1. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) "Қазқұрылысжүйесi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi өндiрiстiк, азаматтық және жол құрылысы, құрылыс, әрлеу және қаптау материалдарын, сантехника өндiру, жобалау жұмыстары болып белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғылық капиталын Кәсiпорынның мүлкi есебiнен 107585000 (бір жүз жеті миллион бес жүз сексен бес мың) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.20.
N 594
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелік ету және пайдалану құқығын беру туралы ұсынысына келiсiм берілсін.
6. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгеріс пен толықтырулар бекiтiлсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 26 қаңтардағы
N 64 қаулысымен
бекiтiлген
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" деген бөлiмдер реттік нөмiрi 464-жол алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазқұрылысжүйесi" АҚ".
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрі 21-60-жолмен толықтырылсын:
"21-60. "Қазқұрылысжүйесi" АҚ".
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 238-8-жолмен толықтырылсын:
"238-8. "Қазқұрылыс жүйесi" АҚ".