Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 маусымдағы N 594 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше
мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық
рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы
туралы келiсiмге қол қою туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi