Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы N 28 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi қайта теңдестiру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтерде:
      реттiк нөмiрi 1.1-жолдың 2-бағаны "негiзгi" деген сөзден кейiн "/қосарланған" деген сөзбен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 1.1.1-жолда:
      1) тармақшаның 3-бағанындағы "440" деген сандар "440/345" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның 3-бағанындағы "248" деген сандар "248/208" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрлерi 1.1.2., 1.1.3., 1.2.1., 1.2.2., 1.2.3-жолдарда 3-бағандағы "674", "1093", "219", "541", "874" деген сандар тиiсiнше "674/535", "1093/874", "219/154", "541/426", "874/702" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 1.2-жолдың 2-бағаны "бiр" деген сөзден кейiн "негiзгi/қосарланған" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағанындағы "әрбiр толық және толық емес минуты" деген сөздер "әрбiр толық және толық емес 10 секунды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрлерi 2.1., 2.2., 2.3-жолдарда 3-бағандағы "9,0", "14,3", "24,2" деген сандар тиiсiнше "1,50", "2,38", "4,03" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі