Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 197ак Қаулысы

Қолданыстағы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулыға  353-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесі реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны "ноутбуктер - 6 бiрлiк; принтерлер - 8 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға  354-қосымшада :
      2-тармақта:
      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы ;" деген сөздерден кейiн "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы  Заңы ;" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359  Жарлығы ;" деген сөздерден кейін "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355  қаулысы ;" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигiн және iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесін жасауға және геостанциялық орбитаға қоюға арналған келiсiм-шарт бойынша жұмыстардың орындалу барысын бақылауды қамтамасыз ету;
      "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" АҚ (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталын 15770,2 (он бес миллион жетi жүз жетпiс мың екi жүз) теңге сомасында ұлғайту, оның iшiнде:
      - жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге, мемлекеттiк сараптамаға ақы төлеуге, Қоғамға берiлетiн ғимаратты жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигін, iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесiн құру жөнiндегi жұмыстар кезеңiнiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету.";
      3) көрсетiлген қаулыға 355-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі