1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiнде:
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен уәкілетті орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымында өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жариялайды.
Уәкілеттi орган айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымы туралы ақпарат уәкілеттi органның Web-сайтында орналастырылады.";
89, 90 және 91-тармақтар алынып тасталсын.