Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1446 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiнде:
      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "88. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен уәкілетті орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымында өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жариялайды.
      Уәкілеттi орган айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымы туралы ақпарат уәкілеттi органның Web-сайтында орналастырылады.";

      89, 90 және 91-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы