1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi N 973
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 337-құжат):
тақырыптағы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесiнде:
бүкiл мәтiн бойынша "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздер "Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың бесiншi абзацында "туралы жеке ереже" деген сөздер "паспорты" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Жердi ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 910
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 369-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiнде:
бүкiл мәтiн бойынша "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацында "қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстық аумақтық органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрi - қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі облыстық орган)" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы аумақтық уәкiлеттi органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрі - аумақтық орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық органмен, облыстық органдармен келiсiледi және оны жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган бекiтедi";
3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, орталық атқарушы органмен келiсiледi және оны жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.";
5 және 10-тармақтарда "аумақтар желiсiн дамыту және орналастыру бағдарламасы", "аумақтардың желiсiн дамыту және орналастыру желісiнiң бағдарламасына" деген сөздер тиiсiнше "аумақтарды дамыту жөнiндегi бағдарлама", "аумақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "қалалық және аудандық әкiмдiктердiң" деген сөздер "аумақтық қалалық және аудандық орган әкiмдiктерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.