Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2001 жылғы 18 шілде N 973. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N 862 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545  қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат)  қаулысына  мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды;"; 
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "9-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;". 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі