Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды жiбepу кезiнде авариялар болған жағдайдағы өзара iс-қимылдың тәртiбi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы "Байқоңыр" ғарыш
айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде авариялар болған
жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы
келiсiмдi бекiту туралы
1999 жылғы 18 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде авариялар болған жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы
Үкiметiнің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан
зымырандарды жiберу кезiнде апаттар болған
жағдайдағы өзара iс-қимылдың тәртiбi туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгі принциптерi мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келiсiмдi, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартын , Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнің арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың табиғи бақытсыздықтардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келiсiмдi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы "Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi 1997 жылғы 4 қазандағы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
"Байқоңыр" кешенiн қауіпсiз пайдалануда өзара мүдделіліктерiн бiлдiре отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiм Тараптардың "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде апаттар болған жағдайдағы мiндеттерiн, Тараптардың күштерi мен құралдарын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу сәтiне Тараптардың күші мен құралдарын дайындық жағдайына келтiрудің тәртiбiн, зымырандарды жiберуге дайындығы туралы және апат жағдайында Тараптардың өзара хабарласу рәсiмдерін, сондай-ақ апаттардың зардаптарын жою үшін Тараптардың қажеттi күштерi мен құралдарын тартудың тәртiбiн айқындайды.
Осы Келiсiмнің мақсаттары үшін:
- "зымыран" ғарыштық мақсаттағы кез келген зымыранды (ғарыштық аппаратты, екпiндеткіш блокты және басқа да құрамдас бөлiктердi қоса алғанда) немесе жабдықтау элементтерiмен бiрге баллистикалық зымыранды бiлдiредi;
- "апат" зымыранның немесе оның бөлшектерiнің Ресей Тарапы Қазақстан Тарапынан жалға алған аумақтың сыртындағы Қазақстан Республикасының аумағына құлауын бiлдiредi.
2-бап
Ресей Тарапы апаттардың зардаптарын жою үшiн мынадай күштер мен құралдарды:
- "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілерiнде апаттық жағдайларды жою және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін апаттық-құтқару отрядын;
- зымырандық-ғарыштық қызметтің табиғи ортаға әсерiнің мониторингiн және "Байқоңыр" кешенi мен зымырандардың ұшу трассасы бойынша гигиеналық бақылау жүргiзу үшiн мамандандырылған зертханаларды;
- авиациялық-ғарыштық iздестiру және құтқару күштерi мен құралдарын;
- мамандандырылған дәрiгерлік-биологиялық жедел ден қою бригадаларын;
- апат жағдайларында табиғи ортаның ластануының мүмкiн деңгейiн жедел болжаудың мамандандырылған қызметтерiн;
- апаттардың зардаптарын жою үшiн аспаптар мен химиялық реактивтердiң азаймайтын қорын;
- басқа да күштер мен құралдарды тарта алады.
3-бап
Қазақстан Тарапы апаттардың зардаптарын жою үшін мына күштер мен құралдарды:
- арнайы апаттық-құтқару және iздестіру-құтқару бөлiмшелерiн;
- өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық медициналық табиғатты қорғау және басқа да қызметтердi, сондай-ақ құқық қорғау органдарын;
- қажет болған жағдайда эвакуациялық iс-шараларды және апаттың аймағында қалған елдi мекендерден эвакуацияланған адамдарды қабылдауды жүргiзу кезiнде уақытша баспанаға орналастыру және тамақтану орындарын ұйымдастыру үшін азық-түлiк пен материалдық ресурстардың қорын;
- басқа күштер мен құралдарды тарта алады.
Қазақстан Тарапының апаттардың зардаптарын жою үшiн тартылатын күштерi мен құралдарының нақты құрамы Ресей Тарапының апаттардың болжамды ауданы, оның мүмкiн болатын ауқымдары мен зардаптары, қажетті күштер мен құралдар туралы жедел ақпаратына сүйене отырып айқындалады.
4-бап
Ресей Тарапы апаттардың мүмкiн болатын зардаптарына талдау жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Тарапына зымырандардың үлгiлері, олардың ұшу трассасы және апат жағдайында құлауы мүмкiн аудандар жөнiндегі техникалық мәлiметтердi ұсынады.
Ресей Тарапы Қазақстан Тарапының өтiнiмдерiне орай өзара уағдаластық бойынша Қазақстан Республикасының мамандарын апаттардың зардаптарын жою кезiндегi iс-қимылдарға үйретудi жүзеге асырады және Қазақстан Тарапына қажетті әдiстемелiк материалдарды бередi.
5-бап
Ресей Тарапы апат болған жағдайда оның себептерi анықталғанға дейiн апатқа ұшыраған зымыран жататын зымырандардың түрiн жiберудi тоқтатады, ол туралы Қазақстан Тарапын хабардар етедi.
Ресей Тарапы Қазақстан Тарапына апаттың себептерi, зымыранның осы түрiн бұдан былайғы жiберулерiнiң қауіпсiздігін қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы туралы хабарлайды және Қазақстан Тарапының келiсiмi бойынша оларды жiберудi қайтадан бастайды.
6-бап
Қазақстан Тарапының апаттық-құтқару бөлiмшелерiн дайындық жағдайына уақытылы келтiруi мақсатында Ресей Тарапы келiсiлген тәртiпке сәйкес алда тұрған зымыранды жiберу туралы Қазақстан Тарапына хабарлайды. Зымыранның жiберiлетiн күнi және/немесе уақыты ауыстырылған жағдайда, қайтадан ұшырылу уақыты белгiленген уақытқа дейiн кем дегенде 24 сағат бұрын құлақтандыру жүргiзiледi. Жiберу уақыты 24 сағаттан кем уақытқа ауыстырылған жағдайда, хабарлау жедел байланыс арналары арқылы кiдiрiссiз жүргiзiледi.
Ресей Тарапы зымырандарды жiберудi жүзеге асыру кезiнде қауіпсiздікті қамтамасыз ету үшiн өтемақылық негізде Қазақстан Республикасының апаттық-құтқару бөлiмшелерiн тартады. Бұл бөлiмшелердi тартудың тәртiбi Тараптардың уәкiлетті органдарының арасындағы тиiстi келiсiмдермен айқындалады.
7-бап
Зымыранды жiберудiң жоспарланған уақытына 8 сағат қалғанда Тараптардың уәкiлеттi органдары Тараптардың апаттық-құтқару бөлiмшелерінің дайындығы туралы ақпарат алмасады.
Ресей Тарапының уәкілеттi органдары апат болған жағдайда Қазақстан Тарапының уәкiлеттi органдарына болған жағдай туралы хабарлайды. Ақпараттарды өзара алмасудың тәртiбi Тараптардың уәкiлетті органдарының арасындағы келiсiмдермен айқындалады.
8-бап
Апат болған жағдайда Ресей Тарапының уәкiлетті органдары дереу Ресей мамандарының жедел тобын құрады және оны апат болған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірместен жағдайды бағалау, Қазақстан Республикасының өкiмет органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастыру және апаттың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шараларды орындау үшiн апат ауданына жiбередi.
Қажет болған жағдайда Ресей Тарапының уәкiлетті органдары Қазақстан Тарапымен келiсiлген мерзiмдерде апаттың зардаптарын жою үшiн мамандар тобын құрады және оны апат аймағына жiбередi.
Тараптар апаттың себептерiн анықтау және зардаптарын бағалау жөнiндегi үкiметтік комиссиялар құрады, олар апаттардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрлескен штаб құрады және одан арғы бiрлескен iс-қимылдардың тәртiбiн келiседi.
Үкiметтік комиссиялар жұмысының қорытындысы бойынша бiрлескен хаттамаға қол қойылады.
9-бап
Тараптардың iздестiру-құтқару және апаттық-құтқару бөлімшелерiнің, атап айтқанда, зымыранның бөлшектерiн жинау, тұрғындарды медициналық тексеру, аумақты малдәрiгерлік тексеру, қоршаған ортаның объектілерiнен сынама iрiктеу және талдау жөнiндегi iс-қимылдарын қоса алғанда, жағдайды бағалау жөнiндегi iс-қимылдары осы Келiсiмнің 8-бабында аталған үкiметтiк комиссиялармен келiсiлген тәртiппен, көлемде және әдiстемелер бойынша бiрлесiп жүзеге асырылады. Апаттың зардаптарын бағалаудың қорытындысы бойынша аталған үкiметтiк комиссиялардың уәкiлеттi өкiлдерi екi жақты актiлерге қол қояды.
Апаттың салдарынан болған материалдық зиянның мөлшерiн айқындауды Тараптар бiрлесiп жүргiзедi.
10-бап
Осы Келiсiмге сәйкес апаттың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге және залалды өтеуге байланысты шығыстарды үкiметтік комиссиялар жұмысының қорытындысы бойынша, апаттың зардаптарын бағалаудың қол қойылған екi жақты актiлерiнiң негiзiнде, келiсiлген көлемдерде Ресей Тарапы жүзеге асырады.
11-бап
Қазақстан Тарапы Ресей Тарапы өкiлдерiнiң зымыранның бөлшектерi құлаған жерлерге кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етедi.
Апат жағдайында осы Келiсiмнiң 8-бабына сәйкес құрылған бiрлескен штаб зымыранның бөлшектерiн жинауға арналған алаңның орналасатын орнын және оларды күзетудi белгiлейдi. Алаңға кiрудi осы Келiсiмнiң 8-бабында аталған ресейлiк мамандардың жедел тобының мүшелерi бақылайды.
Қазақстан Тарапы зымыранның Қазақстан Республикасының аумағында жиналған барлық бөлшектерiн келiсiлген режимдiк iс-шараларды қамтамасыз ете отырып Ресей Тарапына дереу қайтаруды қамтамасыз етедi.
Зымыранның бөлшектерiн iздестiру және жинау үшiншi тараптың мүддесiн қозғаған жағдайда, Ресей Тарапы Қазақстан Тарапымен кеңесе отырып олардың өкiлдерiн апат ауданындағы iс-шараларға тарта алады.
12-бап
Қазақстан Тарапы Ресей Тарапының өкiлдерi Қазақстан Республикасының аумағына кiрген және аумағынан шыққан, апаттың зардаптарын жоюға арналған ресейлiк жабдықтар мен материалдарды әкелу және әкету, сондай-ақ зымырандардың бөлшектерiн апаттың себептерiн анықтау үшiн Ресей Федерациясының аумағына әкету кезiнде 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнің арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартына сәйкес өндiрiп алу кеден органдарының құзыретіне жататын кедендiк баждар мен салықтарды алмастан оңайлатылған шекаралық және кедендiк режимдi қамтамасыз етедi.
Қазақстан Тарапы апаттың зардаптарын жоюға қатысатын Ресей Федерациясының әуе кемелерiне басымдық берiлетін тәртiппен әуе дәлiздерi мен тұрақтар бередi.
Қазақстан Тарапы Ресей Тарапының сұрауы бойынша апаттың зардаптарын жою үшiн келген ресейлiк мамандарды iс-жүзiндегі шығындарды Ресей Тарапының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiне белгiленген тәртіппен және мөлшерлерде кейiн өтеуi арқылы көлiкпен, баспанамен, тамақпен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етедi.
13-бап
Осы Келiсiм бойынша жұмыстарды үйлестiрудi:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігi мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі;
Ресей Тарапынан - Ресей авиация-ғарыш агенттiгi мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінiң Аэроғарыш комитетi жүзеге асырады.
Тараптар бiр бiрiне осы Келiсiмнiң 6, 7 және 10-баптарында аталған уәкiлетті органдардың тағайындалғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
14-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты дауларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi кiшi комиссиясы шешедi.
15-бап
Осы Келiсiм Тараптардың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттары бойынша мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
16-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң - ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
17-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейiн қолданылады.
Астана қаласында 1999 жылғы 18 қарашада әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
ҮКIМЕТI ҮШIН ҮКIМЕТI ҮШIН