Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiн Астана қаласына көшiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1376 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiн (бұдан әрi - Комитет) 7 адам санымен Алматы қаласынан Астана қаласына 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн көшiру туралы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Комитеттi көшiрудi жүзеге асыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүргiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Комитеттiң көшетiн қызметкерлерiне шығыстарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен өтесiн.

      4. Астана қаласының әкiмдiгi 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен Комитеттiң көшетiн қызметкерлерiне қызметтiкке теңестiрілген тұрғын үй берудi қамтамасыз етсiн.

      5. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 47".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі