Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiн Астана қаласына көшiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1376 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiн (бұдан әрi - Комитет) 7 адам санымен Алматы қаласынан Астана қаласына 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн көшiру туралы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Комитеттi көшiрудi жүзеге асыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүргiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Комитеттiң көшетiн қызметкерлерiне шығыстарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен өтесiн.

      4. Астана қаласының әкiмдiгi 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен Комитеттiң көшетiн қызметкерлерiне қызметтiкке теңестiрілген тұрғын үй берудi қамтамасыз етсiн.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі