Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1203 қаулысымен.
Қайталама қара және түсті металдар рыногын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-күнi өнеркәсiп саласындағы орталық уәкiлетті органға берiлген, тоқтатыла тұрған және қайтарып алынған лицензиялар, мамандандырылған кәсiпорындардың тiзбесiне енгізiлген заңды тұлғалар туралы, сондай-ақ лицензияларды тоқтата тұру және қайтарып алу жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы есеп берсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі қызметiн лицензиялаудың ережесiнде:
2-1-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақта:
бiрiншi абзацтағы ", оның iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) өнеркәсiп саласындағы орталық уәкiлетті органның келiсуi";
көрсетiлген Ережеге қосымшада:
4-тармақтағы "қызметi мамандандырылған ұйымдар" деген сөздердiң алдынан "түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызметi түрiне лицензиясы бap" деген сөздермен толықтырылсын.