Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң "Жамбылсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1318 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Жамбылсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсiпорны оның құрамынан "Таразсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсіпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары комитетi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды және кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану мен жөндеу, мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын Қырғыз Республикасымен бiрлесiп пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгіленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
      2) Кәсiпорынның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсін:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегi комитетi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 145-11-жолмен толықтырылсын:
      "145-11 "Таразсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, Тараз қаласы.";
      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 429-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөніндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 26-жолмен толықтырылсын:
      "26. "Таразсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Тараз қаласы.".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі