Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Жамбылсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсiпорны оның құрамынан "Таразсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсіпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары комитетi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды және кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану мен жөндеу, мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын Қырғыз Республикасымен бiрлесiп пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі