Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Компания) (келiсiм бойынша) заңды тұлғалардың:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кепiлдiгiмен берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың кепiлдiгiмен берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер;
3) меншiктi айналым қаражатын толтыруға берiлген кредиттер;
4) өзара борыштар бойынша iшкi республикаiшiлiк есептеу жүргiзудiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер берешектерiн республикалық бюджетке өндiрiп алу жөнiнде құқықтар берсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Компаниямен келiсiм жасасу жолымен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кредиттер бойынша өндiрiп алу жөнiндегi құқықтарды беру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.
3. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi қабылдау-беру актiсiне қол қоя отырып, құжаттаманы:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған қарыз алушылар бойынша;
2) Компанияға әрекет ететiн қарыз алушылар бойынша берсiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі