"Медетшi қор" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1316 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Медетшi қор" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қор) (келiсiм бойынша) заңды тұлғалардың:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кепiлдiгiмен берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың кепiлдiгiмен берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер;
      3) меншiктi айналым қаражатын толтыруға берiлген кредиттер;
      4) өзара борыштар бойынша iшкi республикаiшiлiк есептеу жүргiзудiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер берешектерiн республикалық бюджетке өндiрiп алу жөнiнде құқықтар берсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қормен келiсiм жасасу жолымен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кредиттер бойынша өндiрiп алу жөнiндегi құқықтарды беру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
      3. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi қабылдау-беру актiсiне қол қоя отырып, құжаттаманы:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған қарыз алушылар бойынша;
      2) Қорға әрекет ететiн қарыз алушылар бойынша берсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі