Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
ескертудің екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрі сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын;
2)
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1229
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі