Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына өзгерістер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1258 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
      ескертудің екiншi абзацындағы "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрі сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 4, 24-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiнде:
      5-тармақтың екiншi абзацындағы "Бұл peттe бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды" деген сөйлем алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі