Әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiкті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жарты жылдық қорытындылары бойынша жылына екi рет, 15 қаңтарда және 10 шiлдеде ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жарты жылдық қорытындылары бойынша жылына екi рет, 30 қаңтарда және 25 шілдеде жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 30 қарашадағы
N 1241 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды
одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында әлеуметтік
реформаларды одан әрi тереңдетудiң
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
Әзiрлеу үшін негiздеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшін,
бәсекеге қабiлетті экономика үшін,
бәсекеге қабiлеттi халық үшін" Қазақстан
халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 ақпандағы N 44-ө өкімі .
Әзiрлеушілер Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 20 ақпандағы N 44-ө өкiмiмен
құрылған жұмыс тобы.
Бағдарламаның мақсаты Негізгі сипаттамасы қаржылық тұрақтылық
және мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер
арасындағы жауапкершілiктi бөлу болып
табылатын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш
деңгейлi жүйесiн құру.
Мiндеттерi Мемлекеттік әлеуметтiк стандарттар жүйесiн
халықаралық стандарттарға кезең-кезеңiмен
жақындастыру;
негізгі әлеуметтiк қатерлердi әлеуметтiк
сақтандыруды дамыту (қарттықтың басталуы,
еңбек қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан
айрылу, жұмысынан айрылу);
әлеуметтік көмектi ұйымдастыруды
жетiлдiру (кедейлiкті азайту);
әлеуметтiк қызметтердiң қол жетiмдiлігін
кеңейту және сапасын арттыру;
мүгедектердi әлеуметтік оңалтуды
жетiлдiру;
заңды (ресми) сектордағы еңбек
өнiмділігiне уәждемелеудi күшейту жөнiндегi
еңбек заңдарын одан әрi жетілдiру және
жалақының өсуiнiң еңбек өнiмділігінiң
өсуiне байланысын белгiлеу үшiн жағдайлар
жасау;
халықты әлеуметтiк қамсыздандырумен
кеңiрек қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру
схемасын жеке таңдауға мүмкiндiктерiн беру
үшiн жағдайлар жасау;
жүйенiң барлық субъектiлерiн (мемлекет,
қызметкерлер мен жұмыс берушілер,
алушылар) әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн
басқаруға қатыстыру тетiктерiн жасау;
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiнiң жұмыс
iстеуiн қамтамасыз ететiн институттарды
одан әрi дамыту;
ақпараттық қамтамасыз етудi және
әлеуметтiк статистиканы жетiлдiру;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң
мамандарын даярлауды және олардың
біліктілiгін арттыруды қамтамасыз ету;
жергілiктi атқарушы органдардың
Бағдарламаның өңiрлiк аспектілерiн iске
асыру үшiн жауапкершілігiн арттыру;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң
нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру.
Iске асыру мерзiмi 2005-2007 жылдар
Қаржыландыру көлемi Қаржыландыру көздерi - мемлекеттiк
мен көздерi бюджеттiң қаражаты, жұмыс берушiнiң
және/немесе қызметкерлердiң мiндеттi
және ерiктi жарналары болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру үшін республикалық
бюджеттен барлығы 171632,6 млн. теңге
сомаға қосымша қаражат талап етіледi, оның
iшінде: 2005 жылы - 28463,1 млн. теңге,
2006 жылы - 56699,0 млн. теңге, 2007 жылы
- 86470,5 млн. теңге.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша
шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына
арналған "Республикалық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
белгiленетiн (нақтыланатын) болады.
Жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды
жергiлiктi өкiлдi органдар белгілейтiн
болады.
Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру:
мемлекеттік бюджет қаражаты, жұмыс
берушiнiң және/немесе қызметкерлердiң
мiндетті және ерiкті жарналары есебiнен
халықты әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн
арттыруға;
халықты әлеуметтік қамсыздандыру ауқымын
кеңейтуге;
кедейлiк деңгейiн азайтуға;
еңбек жағдайлары мен еңбек қауiпсiздiгiн
жақсартуға;
көлеңкелi жұмыспен қамтуды азайтуға;
жұмыссыздық деңгейiн азайтуға;
көрсетілетiн әлеуметтік қызметтердiң
сапасын apттыруға;
әлеуметтiк қатерлердi сақтандыруды және
сақтандыру рыногын дамытуға;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнде
әлеуметтiк төлемдер мен аударымдар есебiнiң
және оларды бақылаудың бiрыңғай дербес
жүйесiн құруға ықпал етеді.
Кiрiспе
Әлеуметтiк қамсыздандыруды реформалау, өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Елдi дамытудың әрбiр сатысында әлеуметтік қамсыздандыру деңгейi оның экономикалық және қаржылық мүмкiндiктерiмен айқындалады.
Инфляцияның жоғарылығымен, өндiрiстiң құлдырауымен және жұмыссыздықпен сипатталған экономикалық қиындықтар мен дағдарыстың алғашқы жылдарында әлеуметтiк саланы дамытудың мүмкiндiктерi бiршама шектеліп қалған болатын. Осы жылдары мемлекет азаматтардың тұрмыс деңгейiнiң күрт құлдырап кетуiнiң зардаптарын жеңiлдетуге және халықтың мейлiнше аз қамтылған топтарын қорғауға бағытталған шаралар қабылдаған едi.
Тоқсаныншы жылдардың екiншi жартысында басталған экономикалық өсу белсендi әлеуметтiк саясат жүргізу үшiн алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтiк қорғау жүйесiн реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi заңдар шығаруға және оларды iске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлi де орын алып отырған кедейлiк, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюi, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюi әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдете түсудi талап етедi. Бұл осы Бағдарламаны әзiрлеу қажеттігін тудырды. Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негіздеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабiлетті экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшін" 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауы , Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 ақпандағы N 44-ө өкiмi болып табылады.
I бөлiм. Әлеуметтік қамсыздандырудың қазiргi
жағдайын талдау
Қазақстанда қазiргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесi мемлекеттің басым қатысуымен сипатталады. Зейнеткерлерді, мүгедектердi, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
Бүгінде әлеуметтік қамсыздандырумен 3,5 млн. артық адам (немесе барлық халықтың 23,6%) қамтылған.
2004 жылы әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған шығыстар (жоспар) 1999 жылмен салыстырғанда бiр жарым еседен астамға көбейді.
Бұл халықтың табысының едәуiр көбеюiне мүмкiндiк бердi, оны мынадай индикаторлардың өсуiнен көруге болады. 1999 жыл мен 2004 жыл аралығында
- жалақының ең төменгi мөлшерi 2,5 eceгe (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейiн);
- зейнетақының ең төменгi мөлшерлерi - 1,9 eceгe (3000 теңгеден 5800 теңгеге дейiн);
- орташа жалақы - шамамен 2 eceгe (11864 теңгеден 26048 теңгеге дейiн);
- зейнетақының орташа мөлшерi - 2 eceгe (4104 теңгеден 8529 теңгеге дейiн);
- ең төмен күнкөрiс деңгейi - 1,5 есеге (3394 теңгеден 5394 теңгеге дейiн);
- мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың орташа мөлшерi - 1,3 есеге (3441 теңгеден 4670 теңгеге дейiн) өсті.
Маңызды әлеуметтiк игіліктердiң жалпыға бiрдей қол жетiмділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейi, жалақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерi, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтiк қызметтерді ұсыну нормативтері және т.б. белгiлендi және қазiргі уақытта пайдаланылып жүр.
Алайда қазiргi қолданылып жүрген мемлекеттiк әлеуметтiк стандарттар өзгерiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды көрсетпейтiн болды және олардың арасында қажеттi жүйелi өзара байланыс жоқ. Әлеуметтік төлемдердi есептеудiң экономикалық негізделген нормативтерінің және олардың еңбекке ақы төлеудiң жүйесімен өзара байланысының жоқтығынан жұмыс iстейтiн адамдар мен әлеуметтік төлемдер алатын адамдар табысының арасындағы тиiстi байланыстар жоғалып кеткен. Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтiк стандарттарды жетiлдiру жөнiндегі жұмыс басталып та кетті.
Әлеуметтiк қамсыздандыруда зейнетақы жүйесi ерекше орын алады. Елде реформалау нәтижесiнде аралас зейнетақы жүйесі құрылды.
Бір жарым миллионнан астам зейнеткерлер ынтымақты негiзде зейнетақы төлемдерiмен қамсыздандырылады. Жыл сайын зейнетақыны арттыру жүргізіледi және соңғы жылдары зейнетақы төлемдерінiң нақты өсiмi тұтыну бағалары индексiнiң өсiмiнен озып кеттi.
2003 жылы индекстеуден басқа зейнетақыларды саралап арттыру жүзеге асырылды. Бiрiншi маусымнан бастап 1055,0 мың адамның зейнетақысы көбейтiлдi, ең төменгi зейнетақы алатын зейнеткерлердiң саны үш есе қысқарды, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары зейнетақы ала бастады. Нәтижесiнде 2004 жылдың 4 қаңтарында зейнетақының ең төменгi мөлшерi 5800 теңгенi, ал зейнетақының орташа мөлшерi 8335 теңгенi құрады.
Алайда осыншама оң өзгерiстер бола тұрса да зейнетақыларды саралап көбейту проблемалардың бәрiн шешпейдi . Ең бастысы - зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейi салыстырмалы түрде алсақ, әлі де төмен күйiнде қалып отыр.
Ынтымақты зейнетақы жүйесiмен қатар 1998 жылдан бастап қатысушылар арасында ынтымақсыз жинақтау қағидатына негiзделген қамсыздандырудың жалғыз түрi жинақтаушы зейнетақы жүйесi енгізiлуде және дамып келер. Қазiргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың 6,5 млн. теңге жеке жинақтаушы шоттарымен (жинақтаушы зейнетақы қорларының деректерi бойынша) сипатталады. Зейнетақылық қызметтер рыногында Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен 15 мемлекеттік емес зейнетақы қоры бар. Жұмыс iстегелi берi оларда 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақтары, соның iшiнде 115,7 млрд. теңге есептелген инвестициялық кiрiс жинақталды.
Сонымен бiрге жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде де бiрқатар проблемалар баршылық: жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерiмен халық әлі де жеткілікті қамтылмай отыр, зейнетақы жарналары бойынша кемалым азая түскенімен, ол әлi де жоғары күйiнде қалуда, зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиiмділігi де ойдағыдай емес.
400 мыңнан астам мүгедекті мемлекет әлеуметтiк қамсыздандыруға алып отыр. Бұл ретте әрбiр үшiншi мүгедек еңбекке жарамды жаста, мүгедек балалар 40 мыңнан асады, олардың көпшiлiгiнiң кемiстігі туа бiткен. Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау деңгейi азайғанымен, әлі де жоғары күйiнде қалып отыр.
1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданылып келген зейнетақы заңдарына сәйкес жалпы ауруы салдарынан мүгедектiгiне байланысты зейнетақы жалақысы ескеріле отырып, мүгедектiк басталған уақыттағы еңбек өтілі болғанда; еңбек жарақатынан немесе кәсiби ауруына байланысты зейнетақы - еңбек өтіліне қарамастан, бiрақ жалақысы ескеріле отырып тағайындалатын еді.
1998 жылдан бастап "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгі бойынша жәрдемақылардың мөлшерi еселенген айлық есептік көрсеткiшке (одан әрі - АЕК) сәйкес белгіленедi, ал олардың өсуi оны индекстеу есебiнен жүргізiледi.
Жалпы аурудан мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi 2004 жылы: I топтағы мүгедектер үшін 7720 теңгенi; II топтағы мүгедектер үшін - 5882 теңгенi; III топтағы мүгедектер үшiн 3309 теңгенi құрайды.
Президенттiң тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылардың едәуiр арттырылуы жүргізіледі: I топтағы мүгедектерге - 3 AEК (2895 теңгеге); II топтағы мүгедектерге - 2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге); III топтағы мүгедектерге - 2 АЕК-ке (1930 теңгеге); 16 жасқа дейiнгі мүгедектерге 3 АЕК-ке (2895 теңгеге). Нәтижесiнде 2005 жылы мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшерi 6700 теңгеге дейiн немесе 50%-ға арттырылады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мүгедектерi мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi 15 AEK дейiн арттырылады және 30 мың теңге мөлшерiнде материалдық көмек көрсетiледi.
Алайда, мүгедектер үшiн күн көрiстiң жалғыз көзi болып табылатын жәрдемақыларды арттыруды ескергеннiң өзiнде мардымсыз. Бұл проблема мiндетті әлеуметтiк сақтандыруға көшу кезiнде де мүгедектiгi бойынша жәрдемақы алып жүргендер үшiн де, биресми секторда жұмыс iстеп жүргендер үшiн де сақталып қалады.
XEҰ, ТАСИС, ЮСАИД ұсынымдарына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және мүгедектердi оңалту жүйесiн жақсарту мақсатында облыстар мен Алматы және Астана қалалары әкiмдiктерi жанындағы медициналық-әлеуметтiк сараптама (МӘС) қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне берілді.
Алайда, әлеуметтік жетiспеушілiктi жеңу үшін қазiргi қолданылып жүрген шаралар мүгедектерге олардың жоғалтқан тiршiлiк ету функцияларының орнын толтыра алмайды. Мүгедектiктің алдын алуға жеткілiкті көңiл бөлiнбейдi, мүгедектердi оңалту көрсеткiштерi де төмен күйiнде қалып отыр. Сондықтан да қазiргi уақытта МӘС қызметiн нығайту, бiрыңғай оңалту технологиясын жасау жөнiнде бағдарламалар әзiрлендi және жұмыс басталды, оны iске асыру мүгедектердiң қоғам өмiрiне басқа азаматтармен теңдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға жәрдемдеседi.
Халықтың өзге санаттары да: асыраушысынан айрылған адамдар, жаппай саяси қуғын-сүргiндер, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi; Чернобыль АЭС-ындағы аварияның зардаптарын жоюға қатысушылар және басқалар да әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған.
Оларға әлеуметтiк осалдықты жеңуiне мүмкiндiк бермейтiн әлеуметтік қамсыздандырудың негiзгi проблемасы халықтың осы топтарының әлеуметтiк жәрдемақылар деңгейiнiң төмендiгi болып табылады.
Бұл жағдайда мемлекет кедейлiктi азайту үшiн аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек пен қолдау көрсетедi. Елде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн реформалау барысында барлық адамдар үшін патернализмнен аз қамтылғандарға атаулы қамқорлық жасауға ауысу жүзеге асырылды. 2002 жылы елде жан басына шаққандағы табысы кедейлiк деңгейiнен де төмен (кедейлiк шегi күнкөрiс деңгейiне қарай анықталады және қазiргі уақытта оның мөлшерiнiң 40% құрайды) отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрi - АЕК) көрсетудiң әмбебап жүйесі енгізілді. Аз қамтылған азаматтар - AEK алушылардың есебiн жүргiзу ретке келтiрілдi, және АЕК автоматтандырылған тағайындау жүйесiн және аз қамтылған отбасылар бойынша бөлiнген дерек қор жасалды.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру нәтижесiнде жан басына шаққандағы табысы кедейлiк деңгейiнен де төмен аз қамтылған азаматтардың саны азайды (2002 жылдың басындағы 10,2%-тен 2004 жылдың 1 қаңтарында 6,6%-ке (немесе 859,8 мың адам).
Кедейлiк, жұмыссыздық және АӘК көрсету проблемаларының жүйелiк байланысы бекiтілдi. АӘК алушылардың басым бөлiгі балалар (2003 жылы олардың үлесi 60,3% немесе 518,6 мың адамды құрады). АӘК алушы басқалардың арасында балаларға күтiм жасаумен айналысатындар, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер, өз бетiмен жұмыспен қамтылғандар, жұмыс істейтiндер бар.
Аз қамтылған азаматтардың әрбiр санатына қатысты тиiстi шаралар: баяу - материалдық көмек; белсендi - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кедей халықтың еңбекке қабілетті бөлігін рынок талаптарына бейiмдеу қолданылады.
Аз қамтылған азаматтар құрамында балалардың үлесi басым екендiгін ескерсек, аналар мен балаларды қолдау шаралары ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда отбасының табысына қарамастан республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен 15 АЕК мөлшерiнде біржолғы жәрдемақы төлеу енгізілдi. Қосымша балалар жәрдемақыларын енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрленуде.
Соңғы жылдары еңбек рыногының жағдайы жұмыспен қамтудың өсiп, жұмыссыздық деңгейiнiң тиiсiнше азайып келе жатқанымен сипатталады. Республика экономикасында 2004 жылғы қаңтарда 6862,8 мың адам еңбек қызметiмен қамтылды, оның iшiнде жалданып iстеушiлердiң саны 4219,8 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы iрi және орта кәсiпорындарда iстейдi.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінiң деректерi бойынша 1999 жыл мен 2003 жылдар аралығындағы кезеңде жұмыссыздық 4,7% азайды және ағымдағы жылдың басында 8,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органдар тiркеген жұмыссыздар саны азайып келедi. Мәселен, 2004 жылғы 1 қаңтарда 2002 жылмен салыстырғанда ресми жұмыссыздық 25% астамға азайды. Жұмыссыздар құрылымында әрбiр екiншi адам - әйел, әрбiр үшiншiсi 15-39 жастағылар. Жұмыспен қамту проблемасы бiржақты өнеркәсiбi бар қалалар мен күйзелiске ұшыраған ауылдық аймақтарда әсiресе өткiр.
Республикадағы еңбек рыногы жағдайының мониторингін жасау үшiн облыстар, қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде жұмыс күшiне деген нақты ұсыныс пен сұранысты көрсететін деректер базасы жасалды. Қазiргi күнi ұсыныстың сапасы мен кәсiптiк-бiлiктiлiк құрылымының сәйкессіздiгi және халықтың оңтайлы жұмысқа қабiлетiнiң төмендiгi себебiнен жұмыс күшi жергілiктi еңбек рыноктарында тапшы бола тұрса да оған Қазақстанда жеткілiктi сұраныс бар екенiн талдау көрсетiп отыр. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегі органдардың бос жұмыс орындарының ай сайынғы банкi 15-17 мың бiрлiктi құрайды. Алайда кәсiби белгісi бойынша жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтіндігінен бір бос жұмыс орнына айына орташа 9-10 жұмыссыз үміттенеді.
Бiлiм беру қызметiн көрсету рыногы сұраныстың өзгеруiне жедел ілесе алмайтын болып шықты, ал бұл бiлiктi жұмысшы кадрларға тапшылық проблемасын шешуге және жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы үйлеспеушілікті жоюға мүмкiндiк бермейдi.
Кедейлiкті азайтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын, Ауыл жылын өткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын iске асыру барысында жұмыспен қамтуға белсендi жәрдемдесудiң нәтижелерi жақсарды. 2003 жылы елде 244,3 мың жұмыс орны (2002 жылы - 211,5 мың), соның ішінде 60% ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыспен қамту жөнiндегi органдардың жәрдемiмен өтiнiш жасағандардың (2002 жылғы 148,6 мың адаммен салыстырғанда 154,6 мың адам) әрбiр екiншiсi жұмысқа орналастырылды. 2002 жылмен салыстырғанда ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқандардың саны 20,6%-ға көбейдi. Жұмыспен қамту жөнiндегi уәкілетті органдарға өтiнiш жасағандардың жартысынан астамы қоғамдық жұмыстарға қатысады.
Жұмыссыздардың бiраз бөлiгi оқуға, қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiледi. 2003 жылдың өзiнде ғана 25 мыңнан астам адам оқуды және қайта даярлықты аяқтады.
Елде заңсыз жұмыспен қамту проблемасы бар. Жұмыссыздық тиісінше тіркелмей жүзеге асырылатын кiрiс әкелетiн қызметтің түрлерін дамытуды туындатып отыр. Жұмыспен қамтудың биресми секторы еңбек көші-қоны, ең алдымен заңсыз көші-қонның есебiнен кеңейтiп келедi.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатын iске асыруда белгiлi бір проблемалар бар, ол жұмыспен қамту жөнiндегi уәкілеттi органдар тiркейтiн жұмыссыздық деңгейi шын мәнiндегi деңгейден әлдеқайда төмен. Жаңа жұмыс орындарын құру қарқыны жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар санының көбеюiмен сәйкес келе бермейді, қайта оқудан өткен жұмыссыздардың үштен бiрiнен астамы еңбек рыногында өз орнын таба алмай жүр, қоғамдық жұмыстар түрiнiң бәрi бiрдей экономикалық жағынан тиiмдi емес. Биресми сектордағы жұмыспен қамтуды заңдастыру жөнiнде қабылданып жатқан шаралардың тиiмділігі аз.
Реформалар жүргізілген жылдар ішінде еңбек қатынастарын реттелуге тұжырымдамалық тәсiлдер заңды түрде бекiтiлдi. Ол өнiмдi еңбекпен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың еңбек бостандығына және қауiпсiз еңбек жағдайларына конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазiргі уақытта заң актілерiнің тұтас пакетi қолданылуда, ол: " Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ", " Ұжымдық шарттар туралы ", " Кәсіптiк одақтар туралы ", " Ұжымдық еңбек даулары және ереуiлдер туралы ", " Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестік туралы " және т.б.
Осы заң актілерiн қабылдаудың нәтижесiнде еңбек қатынастарын бұрынғыдай орталықтан басқарудың нормалары жойылды, бiрiн-бiрi қайталайтын ережелер алып тасталды, еңбек қатынастарын шарттар арқылы реттеу кеңейтілдi, әлеуметтік әрiптестiктi дамытуға, еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған құқықтық база жасалды.
Сонымен бiрге:
- қолданыстағы еңбек туралы заңдардың көптеген ережелерi бүгiнгi күннiң ақиқатына сәйкес келмейдi. Еңбек қатынастары тым орталықтандырыла регламенттелiп, оларды шартпен реттеу негізсiз шектелiп келедi, қызметкерлер үшiн жоғары еңбек өнiмділігіне тиiстi ынта туғызылмай келедi, биресми еңбек қатынастарын заңдастырудың пәрмендi шаралары жоқ;
- еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдарда жүйелілiк жоқ, еңбек құқығының қолданыстағы нормалары келiсiлмеген, ал кей жағдайларда олар бiр-бiрiне қайшы келедi.
Осының бәрi еңбек заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыстар жүргiзуге әкеп отыр. Қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлердi түгендеу жүргiзiлдi, " Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы " Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы кодекс (бұдан әрi - Еңбек кодексi) әзiрленуде.
2001 жылы қайта құрылған Мемлекеттiк еңбек инспекциясы еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңдарды бақылайды және оны бұзудың алдын алады. Жыл сайын мемлекеттік еңбек инспекторлары бiр жарым мыңнан астам тексеру жүргізедi, оның барысында еңбек заңдарын бiршама бұзушылықтар анықталады. Жарақаттану мен кәсiби аурулар азайғанымен де, олардың деңгейi әлi де жоғары күйiнде қалып отыр.
Еңбек заңдарын негiзгi бұзушылықтар мыналар: жеке еңбек шарттарын жасасуды ресiмдеуде бұзушылық, өндiрiстiң дұрыс ұйымдастырылмауы, қауiпсiздiк техникасы нормаларының сақталмауы, қызметкерлердiң жұмыстан заңсыз шығарылуы, жалақыны төлеудiң кешіктiрiлуi, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимiнiң сақталмауы және тағы басқалар болып табылады.
Бұзушылықтың алдын алу және еңбек қатынастары субъектілерiнiң мүдделерiн келiсу тетiктерiнiң бiрi әлеуметтiк сұхбатты дамыту болып табылады. "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тараптардың Бас келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету жөнiнде үш жақты ынтымақтастықтың барлық деңгейiнде әлеуметтiк әрiптестермен сындарлы сұхбат жүргiзiледi.
Еңбекақы саласында республикада еңбекақыға белгіленген ең аз мөлшерден төмен емес мемлекеттік кепiлдiкті, бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын реттеудi, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер арқылы қызметкерлер, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында еңбекақы деңгейiн реттеудiң шарттық қағидатын енгiзудi айқындайтын құқықтық база құрылды және жетiлдiрiлуде.
Халықтың еңбекақы және ақшалай табыстарының өсу саясаты тұрмыс деңгейiнiң экономикалық өсумен байланыстылығы ескеріліп құрылады, ал ұзақ мерзiмдi жоспарда әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру үшін негіз құрайды.
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк қызметшілер болып табылмайтын бюджеттiк сала қызметкерлерi еңбекақысының жаңа жүйесi енгiзiлдi. Бюджеттік сала қызметкерлерiнiң еңбекақысын өсiру жөнiнде шаралар қолданылуда.
Алайда, еңбекақы төлеуде мынадай проблемалар бар:
- еңбекақының салыстырмалы төмен деңгейi;
- жалақы өсуiнiң еңбек өнiмділігінiң өсуiмен байланысты болмауы;
- өңiрлiк және салалық бөлiнiстерде жалақыдағы негізсiз жоғары саралаудың қалыптасуы.
II бөлiм. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
мемлекет, жұмыс берушi және қызметкер арасындағы жауапкершілiктi бөле отырып, әлеуметтік қамсыздандырудың қаржылық тұрақты, экономикалық тиiмдi, әлеуметтiк әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру болып табылады.
Мақсатына сәйкес Бағдарлама әлеуметтік көмектiң атаулылығын күшейтуге; өнiмдiлiгi жоғары еңбектi ынталандыруға; азаматтардың ресми сектордағы еңбекке ынтасын арттыруға және көлеңкелi жұмыспен қамтуды заңдастыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталған.
Осы мақсаттарға орай Бағдарлама мыналарды көздейдi:
- мемлекеттік әлеуметтiк стандарттарды халықаралық стандарттарға кезең-кезеңiмен жақындату;
- негiзгi әлеуметтiк қатерлердi (қарттықтың басталуы, еңбек қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу) әлеуметтiк сақтандыруды дамыту;
- әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруды жетілдiру;
- әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк қызметтердiң қол жетiмділігін кеңейту;
- мүгедектердi әлеуметтік оңалтуды жетілдіру;
- ресми сектордағы өнiмдi еңбекке уәждемелеу жөнiндегi еңбек заңдарын одан әрi жетілдiру және жалақы өсiмiнiң еңбек өнiмдiлiгінiң өсiмiне қатыстылығын белгiлеу үшiн жағдайлар жасау;
- халықты әлеуметтік қамсыздандырумен қамтуды кеңейту және жеке таңдау мүмкiндiгiн жақсарту үшiн жағдайлар жасау;
- негiзгi субъектiлердi (мемлекет, қызметкерлер мен жұмыс берушiлер, алушылар) әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн басқаруға қатыстырудың тетiктерiн жетiлдiру;
- әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн институттарды одан әрi дамыту;
- ақпараттық қамсыздандыру мен әлеуметтік статистиканы дамыту;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiнiң мамандарын даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз ету;
- жергiлiктi атқарушы органдардың Бағдарламаның өңiрлiк аспектілерiн iске асыруға жауаптылығын арттыру;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетілдiру.
III бөлiм. Бағдарламаны iске асырудың
негiзгі бағыттары мен тетiгi
3.1. Мемлекеттік әлеуметтiк стандарттарды жетiлдiру
Мемлекеттiк әлеуметтiк стандарттарды жетілдiру жүйесi мыналарды көздейдi:
- әлеуметтік нормативтер мен стандарттардың бiрлiгін және бiрдейлiгін қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн базалық әлеуметтiк нормативтi (индикаторды) айқындау және бекiту ;
- стандарттардың өзара байланысы мен оның құрылымдық элементтерiнiң қатар бағынуын көздейтiн жүйесiн қалыптастыру;
- базалық конституциялық кепiлдiктердi iске асыру үшiн жағдайлар жасау.
Адамның денсаулығын сақтауға және оның тiршiлігін қамтамасыз етуге қажетті ең төмен тұтыну себетi құнының негiзiнде анықталатын ең төменгi күнкөріс деңгейi бiрыңғай базалық әлеуметтiк индикатор болуға тиiс. Еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк көмек беру саласында басқа ең төменгі мемлекеттік әлеуметтiк стандарттарды айқындау ең төменгі күнкөрiс деңгейi негiзiнде жүзеге асырылатын болады, бұл ең төменгi қажеттіліктердi қанағаттандыруға мемлекеттің кепiлдiгін iске асыруға мүмкiндiк бередi және олардың жүйелiк байланысын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары да бiрыңғай және қатар бағыну ескерiле отырып айқындалатын болады.
Мемлекеттiк әлеуметтік стандарттар жүйесi бiрте-бiрте жетілдiріліп, халықаралық стандарттарға жақындатылатын болады.
Ол үшiн:
- ең төменгi күнкөрiс деңгейiн айқындау әдiстемесiне өзгерiс енгізу қажет. Оның негiзi тұрмыстық игілiктер мен қызметтердiң ең төменгi әлеуметтiк қажетті деңгейiн көрсететiн тұтыну бюджетi болмақ;
- айлық жалақының ең төменгі мөлшерiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен емес деңгейде белгiлеу, бұл, ең қарапайым біліксiз еңбек жұмыскерiне қатысты жұмыс күшін молайтудың мемлекеттiк кепiлдiгін iске асыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;
- ең төменгi күнкөрiстi зейнетақылар мен жәрдемақылардың және басқа да әлеуметтік төлемдердiң ең төмен мөлшерiн есептеу үшiн негiзгi стандарт ретiнде белгiлеу (2006 жылдан бастап);
- ең төменгі күнкөрiс деңгейiн толық немесе iшiнара мемлекеттік қамтамасыз етілетiн (медико-стационарлық мекемелер, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi және басқалары) азаматтарға жұмсалатын мемлекеттің шығыстарын құрау тәртiбiн және халықтың ең аз қорғалған жiктерiн қолдауға бағытталған АӘК мөлшерiн айқындау үшiн қолдануды қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттiк әлеуметтiк стандарттарды жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру халықтың әртүрлi топтарына бiркелкi әдiс-амалдарын қалыптастыруға, әлеуметтiк қорғаудың әдiл сипатын қамтамасыз етуге және ел азаматтарын қамтамасыз етудiң конституциялық кепiлдiктерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi.
3.2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру
Әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруды көздейдi:
бiрiншi деңгей (негізгi) - мемлекет кепілдiк беретін әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерi. Бұл халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң барлық санатына еңбек еткен жылдары мен жалақыларына қарамастан, бiрдей әлеуметтiк қатер жағдайында, деңгейi бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етедi;
екiншi деңгей (мiндеттi) - жұмыс iстейтiн (жұмыс iстеген) адамдарды мiндетті әлеуметтiк сақтандыру есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдер. Жұмыс берушiлердiң және/немесе қызметкерлердiң мiндетті сақтандыру жарналары мiндетті әлеуметтiк төлемдердiң көзi болып табылады. Бұл жағдайда, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейi әр адамның сақтандыру жүйесiне қатысуының ұзақтығы мен мөлшерiне байланысты;
үшiншi деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердiң ерiктi аударымдар есебiнен жүзеге асырылуын пайымдайды. Аударымдар бұл жағдайда, жеке, жинақтаушы, ерiктi және/немесе кәсіптiк болып табылады.
3.2.1 Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгi деңгейi
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары негiзгi әлеуметтiк қатерлер туындаған жағдайда, еңбек стажы мен жалақысына қарамастан, негізгі әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығына ие болады.
Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгі деңгейiне мынадай әлеуметтiк төлемдер кiретiн болады:
- қартаюына қарай мемлекеттiк негiзгi зейнетақы төлемдерi;
- мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк негiзгi жәрдемақы;
- асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттiк негiзгi жәрдемақы;
- жерлеуге арналған мемлекеттiк жәрдемақы (тек негiзгi әлеуметтiк төлемдер алушылар үшiн).
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесінің негiзгi деңгейiн қалыптастыру үшін:
- мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жәрдемақылар мөлшерiн (жасы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша) есептеудiң әдiстемесiн кезеңiмен өзгерту жоспарлануда. Жәрдемақылардың мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiне қатысты айқындалатын болады.
- 2006 жылдан бастап негiзгi зейнетақыны Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн зейнетақы жасына жеткен кезде кезең-кезеңімен енгiзу.
Бiрiншi кезеңде (2006 - 2007 жж.) тек қана ынтымақты зейнетақы жүйесiнiң қатысушылары үшiн негізгi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi күнкөрiс минимумының (КМ) 20%-тен 25%-ке дейiнгi мөлшерінде белгiленетiн болады. Келесi кезеңдерде жасына байланысты мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жойылады және республиканың барлық азаматтары қарттықтың басталуы кезiнде негiзгi зейнетақы төлемiн алатын болады, негiзгi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi КМ-нiң 75%-iне дейiн жеткiзiледi.
- жұмыстан айрылу қатерi басталған кезде мемлекет кепiлдiк беретiн әлеуметтiк қамсыздандырудың негізгi деңгейi материалдық көмек нысаны (АӘК), сондай-ақ еңбекке орналасуға жәрдемдесу, кәсiби қайта даярлық және жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен ақы төленетiн қоғамдық жұмыстар ұсыну болып табылады.
3.2.2. Негiзгi әлеуметтік қатерлердi әлеуметтiк сақтандыруды дамыту (қарттықтың басталуы, еңбек ету қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу)
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн дамыту негiзгi деңгейге қосымша әлеуметтiк қатерлердi сақтандырудың мiндетті және epiкті схемаларын енгiзу негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
А. Қарттықтың басталуы кезiнде әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн:
ынтымақты зейнетақы жүйесi бөлiгiнде
- тұтыну бағаларының өсуiн және қолданыстағы заңнамаға сәйкес төлемдер бойынша шектеудi ескере отырып, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi - ЗТМО) зейнетақы төлемдерi мөлшерiн кезең-кезеңiмен арттыру;
мiндеттi жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру бөлiгiнде
- жинақтаушы зейнетақы қорларынан (бұдан әрi - ЖЗҚ) және сақтандыру ұйымдарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң тетігiн жетілдiру;
- зейнетақы аннуитетiн мынадай жастағы зейнеткерлердiң: әйелдер үшiн - 67 жаста, еркектер үшiн - 70 жаста, зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған жағдайда мiндетті сатып алуын енгізу (2006 жыл);
- ерлі-зайыптылар (бiрлескен) аннуитетiн енгiзу тетігін әзiрлеу (2007 жыл);
- салық салуға жатпайтын зейнетақы төлемдерiнің сомасын ең төменгі зейнетақы мөлшерiне дейiн ұлғайту мүмкiндігін қарау (2005 жыл);
- мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең көп табыстың мөлшерiн ең төменгi айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерiнен алпыс еселенген мөлшерiне дейiн азайту;
- мiндеттi зейнетақы жарналарын мемлекеттiк субсидиялау мүмкiндігін жүктілігі және босануы, бiр жасқа дейiн баланы күтуi бойынша демалыста болған жалдау бойынша жұмыс iстейтiн әйелдердiң пайдасына шешудi зерделеу;
- "бiр салымшы - бiр қор" деген заңмен белгiленген қағидатты iске асыру мақсатында (2005 жыл) жинақтаушы зейнетақы жүйесi төлемдерiн оңтайландыру (ЗТМО арқылы);
- мемлекеттік мiндеттемелердiң мүмкiн болатын сомаларын есептеу мақсатында инфляция деңгейiн ескере отырып, түскен мiндетті зейнетақы жарналарының мониторингi жүйесiн жасау;
- қаржылық орнықтылық пен сенiмдiлiк талаптарын арттыру бөлiгiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектiлерiнiң одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
- инфляцияның деңгейi бойынша индекстелген айналым мерзiмi 10 жыл және одан да асатын мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару apқылы iшкi рынокта мемлекеттiк қарыз алудың ұзақ мерзiмдi саясатын әзiрлеу;
- зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн сенiмдi қаржы құралдары шеңберiн кеңейту жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
- ЖЗҚ салымшысына ай сайынғы инвестициялық кiрiстер (шығындар), ай сайынғы жарналар мен комиссиялық сыйақылар сомалары туралы мәлiметтердi ұсына отырып, жыл сайынғы мiндетті ақпарат форматын кеңейту;
- зейнетақы активтерiн сақтандыру қорын құру жөнiнде ЖЗҚ-мен жұмыс жүргiзу;
ерiктi жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру бөлiгiнде
- ерiктi және кәсiби зейнетақы схемаларын ынталандыру; ұйым қызметкерлерiнiң, оның iшiнде кәсiптерi Қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiне енгізiлген, пайдасына салымшылар меншiктi қаражаты есебiнен epiкті кәсiби зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын бюджеттiк ұйымдардың да пайдасына ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарын қаржыландыру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
- кәсiптiк одақтармен, үкiметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен сақтандырудың ерiктi және кәсiби схемаларын қалыптастыру жөнiнде бiрлескен iс-қимылдар жүргiзу көзделедi.
Б. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу кезiнде әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн:
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру бөлiгiнде
- мүгедектiк мәртебесiн белгiлеу және аурулар мен мүгедектердi куәландырудың жаңа ережелерiн енгізу жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiрудi қамтамасыз ету (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап);
- еңбек ету қабiлетiнен, асыраушысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдердi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан жұмыс алушылар үшiн әлеуметтiк төлемдердiң тетігін әзiрлеу;
- жұмыс берушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзетiн қызметкердiң ең көп табысының мөлшерiн айқындау;
қосымша әлеуметтiк сақтандыру деңгейi бөлiгiнде
- қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына оған еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде зиян келтiргенi үшiн "жалпы сақтандыру" саласы және "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын қатыстыра отырып, жұмыс берушiнiң мiндеттi сақтандыруға жауапкершілiгiн енгiзу (2006 жыл);
- әлеуметтiк қатерлердi сақтандырудың ерiктi жинақтаушы схемаларын дамытуды ынталандыру шараларын әзiрлеу;
- мемлекеттiк аннуитеттiк компанияны құру мәселесiн қарау көзделедi. Мемлекеттік аннуитеттiк компанияның жұмыс iстеуi сақтандыру рыногында бар сұранысты қанағаттандыруға және азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес берілген құқықтарды олардың iске асыруын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
3.2.3. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетiлдiру
Әлеуметтiк сақтандыруға көшу жағдайында кедейлiктi жеңу үшiн АӘК көрсету жалғастырылады.
Әлеуметтік көмектi ұйымдастыруды жетілдiру мынадай шараларды көздейдi:
А. Балалы отбасыларына бала туылғанда берiлетiн бiр жолғы төлемге қосымша:
- бiр жылға дейiн баланы күту жөнiндегi жәрдемақы енгiзілетiн болады. Жәрдемақы мөлшерi 4 балаға дейiн өсiп отыратын шкалада болады және отбасының кiрiсiне қарамастан төленедi;
- aз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейiн балалар жәрдемақысы енгiзiледi.
Б. Мүгедектерге.
Мүгедектерге сурдо-тифлотехника және протездiк-ортопедиялық бұйымдар сатып алу шығындарын өтеуге кезең-кезеңiмен көшу мүмкiндiгі қарастырылатын болады.
В. Аз қамтылған отбасыларына:
- АӘК ұсынудың өлшемдерi жетілдiрілетін;
- әлеуметтік көмектiң әр алуан түрiн алуға үмiткер адамдар үшiн жиынтық табысты есептеудiң бiрыңғай әдiстемесi әзiрленетiн (тұрғын үй көмегі, АӘК, 18 жасқа дейiнгі балалар жәрдемақысы);
- тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жүйесiн одан әрi жетілдірудi ecкepe отырып, тұрғын үй көмегін ұсынуды оңтайландыру жүргiзiлетiн болады.
Г. Халықтың өзге әлеуметтік осал топтарына:
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi арттырылатын болады.
3.3. Мүгедектердi оңалту жүйесін жетілдіру
Мүгедектердi оңалту жүйесiн құру денсаулық сақтау, білiм беру, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мекемелерi қызметiн кiрiктiрудi көздейтiн, мүгедектiктiң алдын алуды, белгілеу мен оңалтуды қамтитын оңалту процесiнiң бiрыңғай технологиясын әзiрлеудi қажет етедi, ол Мүгедектердi оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Алдын алуды жақсарту үшiн сараптамалық-оңалту диагностикасының әдiстемесi қайта қаралатын болады, бұл адам органдарына немесе ағзасына аурулардың әсер ету деңгейiне қатысты оңалту жөнiндегi шараларды саралауға және белгілеуге мүмкiндiк бередi.
Аурулардың ауырлығы, мүгедектiкке әкеп соқтыратын патологияның жай-күйi сандық жағынан өлшенедi. Бұл мақсатта тiршілiк әрекетiнiң және денсаулықтың шектелуiнiң функционалдық сыныптарын анықтаудың халықаралық әдiстемесi кезең-кезеңiмен енгiзілетiн болады. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелерiнiң қорытындысы бойынша, мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту мақсатында оңалту шараларын жүргiзудi көздейтiн оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) әзiрленедi. Бұл процестiң негізi кепілдік берiлетiн медициналық және әлеуметтiк қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк стандарттары болуға тиiс. Кепiлдiк берiлетiн әлеуметтік қамсыздандырумен қатар мүгедектерге жұмыс берушiлердiң де және олардың белсендi қызмет ету кезеңiндегi азаматтардың өздерiнiң де есебiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк көмек көрсетудiң қосымша түрлерi iске қосылатын болады. Әр түрлi ведомстволар мен меншiк нысандары ұйымдарының ОЖБ-ны орындауының мiндеттілiгі тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерде бекітілетiн болады.
Оңалтуды жүргiзу тиiмдiлiгiн бағалаудың әдiстемесiн әзiрлеу және өлшемiн анықтау алда тұр. ОЖБ-ны iске асырудың нәтижелерiн бақылау мен бағалау МӘС-ке жүктелетiн болады.
Оңалтудың әзiрленетiн технологиясы аурулар мен мүгедектерге аурулардың немесе жарақаттардың зардаптарын, қоғамнан мүгедектердiң барынша шеттеуiн болдырмауға немесе азайтуға бағытталған дәйектi өзара байланысты қызмет көрсету кешенiн ұсынудың үздiксiз процесi болып табылады.
Әлеуметтiк оңалтуды жүргiзу үшiн әлеуметтік қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттары әзiрленедi. Мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегiн, ал қосымша қызмет көрсету iшiнара және толық ақы төлеу жағдайларында ұсынылатын болады.
Мүгедектердiң деректер базасын құру өтемдiк техникалық құралдар мен жүрiп-тұру құралдарына мүгедектердiң қажеттілiктерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Протездiк-ортопедиялық бұйымдарды шығару және сурдо көмек көрсету жөнiндегі зертханалар көмекші құралдардың сапасы мен тиiмдiлігін арттыруды қамтамасыз ететiн жаңа технологияларды әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегі орталықтарға айналады. Ортопедиялық және сурдо көмек көрсету кезiндегі инфрақұрылымды және сервистiк қызмет көрсетудi жақсарту алда тұр.
Интернат үйлерiндегі егде жастағы және мүгедек азаматтарды әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызметтi ұйымдастыру мамандандырылған көмек көрсетуге бағытталатын болады. Бұл үшiн интернат үйлерiн шағынданады, сыйымдылығы аз үйлер ашылады және мамандандырылған тұрақты мекемелер құрылады.
Өзiне-өзi қызмет көрсетуге қабiлетiн жеткiлiктi дәрежеде сақтаған қарт азаматтар мен мүгедектерге үй жағдайларында тұру: әлеуметтiк қызметтердi көрсету, тұрақты және жартылай тұрақты күтiм жасау жөнiнде аумақтық орталықтарды дамыту, үйде әлеуметтік қызмет көрсету, жедел әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк-консультациялық көмек көрсету үшiн қажеттi жағдайлар жасау болжануда. Осы жұмысқа қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кеңiнен тартылатын болады.
Әлеуметтiк оңалту мақсатында мүгедектер үшiн әлеуметтік инфрақұрылым, көлiк, байланыс және ақпарат объектілерiне қол жетiмдiлiк қамтамасыз етiледi.
Кәсiби оңалту үшiн жағдайларды жақсарту орта және кәсiптiк бiлiмдi, кәсiби даярлықты және қайта даярлықты, өзiн-өзi жұмыспен қамтуды ұйымдастыруды және мүгедектердi еңбекке орналастыруды (мамандандырылған оқу-өндiрiстiк кәсiпорындарын құру, үйдегi жұмыс, икемдi жұмыс орындары, әлеуметтiк жұмыс орындары, мүгедектер үшiн жұмыс орындары квотасын белгiлеу) жетiлдiрудi көздейдi.
Мектептегі бiлiм беру жүйесiнде әдеттегі және арнаулы мектептерде, үйде мүгедектердi оқыту үшiн (жеке бағдарламалар бойынша) қажеттi жағдайлар жасалады. Жоғары және орта кәсіптiк оқу орындарында мемлекеттiк тапсырыс негізiнде мүгедектердi оқыту квотасы белгіленiп, мүгедектердi бос еңбек рыногына тарту үшiн қосымша шаралар енгізiлетiн болады. Мүгедектердi мемлекеттiк ұйымдарда еңбекке орналастырудың квотасын 3% мөлшерiнде белгілеу, жергіліктi бюджеттен жеңiлдiктi кредиттер ұсынуды (кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламаларының шеңберiнде), нысаналы еңбекке орналастыруды қарастыру көзделедi.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға жаңа көзқарастарға сәйкес МӘС қызметiнiң әдiстемелiк және нұсқаулық-әдiстемелiк базасы қайта қаралатын болады.
Бұл МӘС өткен азаматтар үшін азаматтардың орталықтандырылған деректер банкi, мүгедектiк және оңалту проблемасы бойынша ақпараттық-анықтамалық бағдарлама құрылады.
Аурулар мен мүгедектердi оңалту жүйесiн жетілдiрудiң негiзгі бағыттарын iске асыру кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады.
3.4. Әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн жетілдiру
Ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу, ұсынылатын қызметтер тiзбесiн кеңейту мен олардың жетімділігін қамтамасыз ету негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты:
5 жасқа дейiнгі балалар үшiн мектепке дейiнгі жастағы балалар тәрбиешiлерiн жалдау жөнiндегі агенттіктер желiсiн құру мен дамыту;
үйде әлеуметтiк көмек желілерiн, оңалту орталықтары мен мүгедек балалар мен кемтар балалар үшін әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсете отырып, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерiн дамыту;
зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспiрiмдер үшiн жетімханалар ашу, кейiннен осы балаларды балалар үйлерiне немесе арнаулы интернат үйлерiне орналастыру;
мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік және медициналық қызметтер ұсынатын оңалту мекемелерi желісiн дамыту;
өмiрi қиын жағдайға душар болған адамдар үшiн әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын, бейiмделу орталықтарын құру және дамыту.
Мүгедектер үшiн ұсынылатын өтемдiк техникалық құралдар сапасын жақсартуға протездiк-ортопедиялық бұйымдарды шығарудың қазiргі заманғы технологияларын енгiзу, сатып алынатын сурдо-тифло құралдардың сапасын арттыру, аймақтарда мүгедектерге сервистiк қызмет көрсетудiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту есебiнен қол жеткiзілетiн болады.
Әлеуметтік қызметтер көрсетуге қол жетiмдiлiк:
- әлеуметтік қызметтердi көрсетуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн жетілдiру;
- орта кәсiптiк білiмi бар мүгедектерге МӘС-тiң қорытындысына сәйкес оқуға қарсылық болмайтын жоғары және орта оқу орындарына түсу үшін квоталар бөлу негiзiнде қамтамасыз етіледi.
Әлеуметтiк қызметтердi ұсынатын ұйымдардың желiсiн құру мен дамыту үкiметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бiрлестіктердiң белсендi қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
3.5. Халықты өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек қатынастарын реттеудi жетiлдiру
3.5.1. Заңды секторда халықты өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатының мақсаты тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн азайту, жұмыс күшінiң сапасын, жұмыс күшiн ұсынудың теңгерiмділiгiн және жұмыс орындарының санын арттыру, ұлттық еңбек рыногын қорғау болып табылады.
Оны iске асыру басы артық еңбек өнiмдiлiгi төмен жұмыспен қамтудан жұмыссыздықтың төмен деңгейiн жаңа жұмыс орындарын құру және өндiрiстiң техникалық және технологиялық жарақтандырылуын жетiлдiру арқылы ұштастыруға ауысуды көздейтiн әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң ұлттық саясатын iске асыру мынадай шаралардың жиынтығын көздейдi:
- еңбек рыногы мониторингi жүйесiн дамыту және олардың еңбек рыногына әсер етуi мен қаржылық шығындар тұрғысынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң iске асырылатын бағдарламасының тиiмділігін бағалау. Қазiргi кездегi бар "республикалық бос жұмыс орындары және еңбек рыногы", "Халықты еңбекке орналастырудың ақпараттық жүйесi", "Оралман деректер базасы" кеңейтiлiп, әрбiр сала бойынша және жасы бойынша жұмыс күшiнiң кәсiби және бiлiктiлiк құрамы жөнiнде бiрыңғай автоматтандырылған дерек қоры құрылады;
- кәсiптер мен мамандықтардың iрiленген топтары бойынша, экономикалық қызмет түрлерi мен жекелеген аймақтар бойынша еңбек рыногындағы сұраныстың және ұсыныстың қысқа, орта әрi ұзақ мерзiмдi перспективаларын ескере отырып, жұмысшылар мен мамандарға қажеттілік болжамын жасау құрылатын болады. Жұмыспен қамту саласындағы барлық кешендi және өңiрлiк бағдарламалар жалпы мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық мiндеттер тұрғысынан жүзеге асырылу үшiн бiрыңғай байланыста болады;
- білім беру жүйесiн жетiлдiру , оның жұмыс берушілер қажеттiлiктерiне және еңбек рыногындағы ұсыныс пен сұраныстың өзгеруiне бағдарлануы. Бұл ретте оқу орындарының, жұмыспен қамту қызметтерiнiң, жұмыс берушілердiң, кәсiподақтар мен билiк органдарының кадрлар даярлауға мүдделi қатысуының нормалары заңмен бекiтiлетiн болады;
- еңбек рыногында белсендi саясат стратегиясын және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ерекшелiктерiн ескере отырып, оның басымдықтарын әзiрлеу. Бұрынғы жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру жөнiнде шаралар қабылданады;
- жұмыс күштерiн жұмылдыруды арттыру. Iшкi еңбек көшi-қоны ағындарын реттеу көші-қон процестерiн мемлекеттiк басқаруды, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын ескере отырып, жұмыс күшін аумақтық еңбекке жұмылдыруды одан әрi арттыруды қажет етедi.
Сыртқы еңбек көшi-қонын реттеу және ішкi еңбек рыногын қорғау жұмыс күшін енгiзуге және шығаруға квота белгілеу және уақытша келген елдерiнде, сондай-ақ қайтып келгенде көшiп келушілердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың шараларын көздейтiн халықаралық келiсiмдер жасасу арқылы; жасырын еңбек көші-қонының, жұмыс күшінiң республика шегінен тыс жерлерге заңсыз әкетілуінің жолын кесу және иммиграциялық бақылауды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Республикалық деректер банкiнiң негiзiнде еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйi туралы халықты хабардар ету жүйесiн дамыту жөнiндегі шаралар қабылданып, жұмыс берушілердiң бос жұмыс орындары туралы толық және анық деректер ұсынуы үшін жауапкершілiгi арттырылатын болады. Ақпараттық-консультациялық қызметтер желiсi құрылады, еңбек делдалдығының тиiмділігі бiршама арттырылады, жұмысты белсендi іздестіруге уәждеменi күшейту жөнiнде арнаулы экономикалық және әлеуметтiк шаралар қабылданады.
Жұмыспен қамтуда әлеуметтік кепілдiктердi қамтамасыз ету мақсатында еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілiктi арттыру және жастардың, әйелдердiң, жұмысынан айырылған адамдардың еңбекке орналасуына жәрдемдесу жөнiнде шаралар қабылданады. Жастар бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға, кәсiпкерлiк қызметті қолдау мен өзiн-өзiн жұмыспен қамтуды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Еңбек рыногында бәсекеге қабілетсiз азаматтарды (мүгедектер, зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар және басқалары) әлеуметтiк қорғауды iске асыру үшін бейiмделудiң, еңбекке орналасудың, кәсiби бағдар мен кәсiптiк оқытудың арнаулы бағдарламалары әзiрленiп, iске асырылатын болады. Халықтың нысаналы топтары үшiн жұмыс орындарын квоталау және субсидиялау жүйесiн қалпына келтiру көзделедi. Жұмыссыздықты азайту және дербес жалақы алу мүмкiндігін жұмыспен қамтудың икемдi нысандарын (толық емес жұмыс күнiмен көмекшi жұмыстарда жұмыс орындарын құру) қамтамасыз етедi. Бұл орайда халыққа тұрып жатқан жерiнe, жынысы мен жасына қарамастан, жұмыспен қамту қызметтерiнiң жүйесi арқылы ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсетулердiң қол жетімділігін арттыру қажет.
3.5.2. Еңбек қатынастарын жетілдiру және әлеуметтік әріптестікті дамыту
Қазiргi кезеңдер еңбек қатынастарын реттеудің мақсаты республиканың қоғамдық келiсiмiн және экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған демократиялық, құқықтық және әлеуметтік тетiктердi одан әрi дамыту болып табылады.
Еңбек кодексiнде әлеуметтік қорғаумен және экономикалық пайымдылықпен оңтайлы ұштасқан еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа моделi әзiрленiп, заңдық тұрғыдан бекiтілетін болады. Ол:
- еңбек рыногының тұрақты жұмыс iстеуi;
- жұмыс берушілердiң мүдделерiн ескере отырып, қызметкерлердiң еңбек ету және әлеуметтiк құқықтарын нақты қорғау;
- жоғары еңбек өнiмділiгін уәждемелеу;
- еңбек қауiпсiздiгiн және оны қорғауды жақсарту үшiн жауапкершiлiкті арттыру;
- еңбек қатынастарын заңдастыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталады.
Еңбек қатынастарын реттеудiң жаңа моделiнiң маңызды ерекшелiгi еңбек қатынастарын заңдық (мемлекеттiк) және шарттық реттеудi ұштастыру болып табылады.
Еңбек қатынастарын нарықтық экономика жағдайында ырықтандыру экономикалық саланы мемлекеттiң құқықтық реттеу функциясын сақтай отырып, осы салаға мемлекеттің араласу шектерiн регламенттеумен жүзеге асырылады. Мемлекет азаматтардың негiзгi құқықтары мен еңбек қатынастарын iске асырудың кепілi болуға тиiс (қызметті таңдап алуға еркiндiк, еңбекке орналасуға жәрдемдесу, еңбектi қорғау құқығы және оның қауiпсiз жағдайлары және ең төменгі мемлекеттiк стандарттардың сақталуы. Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерiн белгiлеу құқығы да оған беріледі.
Қызметкерлердiң еңбек ету құқықтарын қорғай отырып, еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау да сақталады. Еңбек заңнамасының мониторингi және олардың сақталуын талдау жүйесi енгізiледi, еңбек, еңбектiң қауiпсiздігі мен оны қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында еңбек қатынастары субъектілерiне экономикалық және әкiмшiлiк ықпал ету шаралары әзiрленедi.
Еңбек қатынастарын реттеудiң жаңа моделi қызметкер мен жұмыс берушiнiң, қызметкерлер мен жұмыс берушілер немесе олардың қоғамдық бiрлестiктерi арасында туындайтын еңбек қатынастарын жеке және ұжымдық құқықтық әрi шарттық реттеудiң рөлi мен маңызын арттырады. Қазiргi кезде әзiрленiп жатқан Еңбек кодексiндегi арнаулы ережелер әлеуметтiк әрiптестiк рөлiн арттыруға, қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң бастамашылдықтарын дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасауға , оларға еңбек қатынастарымен байланысты мәселелердi дербес шешу мүмкiндiгiн ұсынуға өзара ыңғайлы шешiмдердi шарттық негiзде жасауға бағытталатын болады. Ұжымдық шарт әлеуметтiк сұхбаттың басым нысанына айналады. Онда бiрлестiктер бостандықтарының және келiссөздер жүргiзуге олардың құқықтарын тану қағидаттары бекiтілетiн, тараптардың жауапкершілігі айқындалатын болады. Еңбек қатынастарын peттeугe кәсiптiк одақтармен қатар еңбек ұжымдарының кеңестерi қатысады. Реттеудiң осындай тәртiбi еңбек қатынастарының барлық субъектілерiнiң мүдделерiне сай келедi, қоғамдық тұрақтылығы едәуір арттырып, нығайтады.
Ұжымдық шарттардың жасалуы мен орындалуын қамтамасыз ететiн институттар жұмысын жетiлдiру , ұжымдық еңбек дауларын шешу мен ұжымдық келiсiм талаптарын орындау ұйғарылады. Екi деңгейлi жүйенi: жұмыс берушi мен қызметкерлер арасындағы келiсiм бойынша құрылатын келiсу комиссиясының не еңбек төрелiгінің деңгейiн және екiншi деңгейдi - соттық деңгейдi қолдану мүмкiндiгi көзделетiн болады.
Жұмыс берушiлердiң еңбектi қорғау және қауiпсiздiк жағдайларын сақтауы үшін өндiрiстiк объектілердi мiндетті аттестаттау енгiзіледi. Еңбек қауiпсiздігінiң, еңбектi қорғау мен гигиенасының негiзгі қағидаттары, олардың мазмұны, өнеркәсіп аварияларының алдын aлу жөнiндегi шаралар заңдық тұрғыдан бекiтiледi; кәсіпорындар мен ұйымдарда мiндетті түрде еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті қорғау қызметтерi құрылатын болады.
Шарт талаптары негiзiнде жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен азаматтарды озық кәсiби даярлау, қайта даярлау және еңбекке орналастыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Кәсiби даярлық бiлiм беру ұйымдарында да, тiкелей кәсiпорындарда да жүзеге асырылатын болады. Еңбекке орналастырудың құқықтық кепiлдiктерiн iске асыру үшiн мемлекеттiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесуiнiң, еңбек делдалдығының және жұмыс берушілердiң қатысуының (жаңа жұмыс орындарын құру, өндiрiсішілiк оқыту) белсендi әдiстерiн пайдалану көзделдi.
Әлеуметтiк сұхбатты дамыту және әлеуметтiк әрiптестiктiң рөлiн арттыру үшiн :
- үш және екi жақты ынтымақтастықтың өкілеттiктерi нақтыланады;
- атқарушы билiк органдарының, қызметкерлер мен жұмыс берушілердiң, құзыретi және жауапкершілiк деңгейлерi анықталады;
- әлеуметтiк сұхбаттың басым бағыттары кеңейтіледi;
- қызметкерлер мен жұмыс берушілердiң өңiрлiк және салалық деңгейлердегi бiрлестiктерiнiң одан әрi қауымдасуы үшін жағдайлар жасалатын болады.
Қабылданатын мiндеттемелердi үш жақты ынтымақтастық тараптарына теңдей жүктей отырып, үш жылдық кезеңге арналған бас келiсiм жасалатын болады.
Республиканың еңбек заңнамасы кезең-кезеңiмен халықаралық стандарттарға сәйкес келтiрiлетiн болады. Мұның өзi халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін қажетті жағдайлар жасайды, республикадағы еңбек қатынастары жүйесiн Дүниежүзілiк Сауда Ұйымына кiруге бейiмдеуге мүмкiндiк бередi.
3.5.3. Көлеңкелi жұмыспен қамтуды заңдастыру шаралары
Көлеңкелi жұмыспен қамту қазiргi кезде еңбекшілер мен жұмыс берушілер бейресми кәсiпорындарда өз бетiмен жұмыспен қамтылған қызметті; жалдамалы жұмысшылардың нақты сектор кәсiпорындарындағы бейресми жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуын, үй шаруашылықтарында өз бетiмен жұмыспен қамтылуын да бiлдiредi.
Бейресми жұмыс орындары тұрақты емес, кездейсоқ сипаты бар, зиянды еңбек шарттарымен ерекшеленедi, әлеуметтiк қамсыздандыруға және әлеуметтiк көмекке құқық бермейдi.
Көлеңкелi жұмыспен қамтуды заңдастыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
экономикалық шаралар:
- көлеңкелi экономикаға қатысу шығындарымен салыстырғанда ресми сектор субъектілерi үшін шығындарды азайтуға бағытталған еңбек және әлеуметтiк заңнаманы жетiлдiру;
- кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру, шағын кредит беру практикасын кеңейту, мұның өзi көлеңкелi жұмыспен қамтуға балама жасауға мүмкiндiк бередi;
- еңбек көші-қоны ағындарын мемлекеттiк реттеу, салалар мен аумақтар арасында еңбек ресурстарын қайта бөлу үшiн жағдайлар жасау, жұмыс көп аймақтардан еңбек көшi-қонын ынталандыру;
- еңбек рыногы мониторингi жүйесiн дамыту, үй шаруашылығы жай-күйiнiң демографиялық, мүлiктік көрсеткіштерi бар әлеуметтiк картаны пайдалануды жетiлдiру және кеңейту;
- өндiрiс пен қызметтер көрсету саласын дамытудың басым қажеттілiктерiне қатаң байланыста жұмыс күшін әкелуге квотаны айқындау және құрылымдау.
әлеуметтiк шаралар:
- мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердiң арасында жауапкершілiктi оңтайлы бөлудi көздейтiн, жұмыспен қамту уәждемесiн ынталандыратын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн қалыптастыру.
әкiмшілiк шаралар:
- еңбек заңнамасының, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту;
- көлеңкелi экономикамен айналысатын және салықтар мен әлеуметтiк төлемдер төлеуден жалтаратын азаматтарға (жұмыс берушiлерге, жалдамалы қызметкерлерге, өзiн-өзi жұмыспен қамтылғандарға) әкiмшiлiк шаралар қолдану;
- атқарушы, өкiлдi, құқық қорғау және бақылаушы органдардың заңсыз (жасырын) қызметтi, жасырын (көлеңкелi немесе астыртын) қызметті және бейресми өндiрiстi жария ету жөнiндегi бiрлескен жұмыстарын күшейту;
- басқарушылық функцияларды, атап айтқанда, сыртқы еңбек көшi-қонын реттеудегi, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудегi функцияларын одан әрi орталықсыздандыру.
3.6. Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн басқаруды жетiлдiру
3.6.1. Әлеуметтiк реформаларды тереңдетудiң өңiрлiк аспектісi
Әлеуметтiк реформаларды тереңдету орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар арасында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн басқару функцияларын одан әрi оңтайландыруды және қайта бөлудi қажет етедi.
Бағдарламаны iске асыру барысындағы мiндеттер:
Орталық атқарушы органның міндеттерi әлеуметтiк қамсыздандырудың ұлттық саясатын қалыптастыру, аймақтарда ұсынылатын әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң қол жетiмділік жағдайларын кезең-кезеңiмен теңестiру әдiстерiн әзiрлеу, аймақтардың әлеуметтiк даму бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға әдiснамалық көмек көрсету болып табылады;
жергілiктi атқарушы органдардың мiндеттерi - кеңiнен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу және iс-шаралар жоспарлары мен әлеуметтік даму бағдарламаларын әзiрлеу, олар мыналарды қамтиды:
а) әлеуметтiк сақтандыруды дамыту бөлiгiнде - үш жақты аймақтық келiсiмдер негізiнде әлеуметтік қамсыздандырудың ерiктi және кәсiби схемаларын дамытуды ынталандыру жөнiнде шаралар қабылдау;
б) әлеуметтiк көмек көрсету бөлiгiнде - АӘК, тұрғын үй көмегi, сондай-ақ aз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейiнгi балалар жәрдемақысы жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын болады.
Көрсетiлетiн материалдық көмектiң атаулылығын күшейту үшiн әлеуметтiк картаны енгiзу және аз қамтылған отбасыларының дерекқорын жасау аяқталатын болады, бұл кедейлiк мониторингiнiң сапасын жоғарылатады, аз қамтылған отбасыларының жиынтық табысын нақты белгілеу, кедейлiктi жеңудiң белсендi әдiстерiн дамыту үшiн жағдайлар жасайды.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру ауылдық, аудандық және облыстық әкiмдiктердi тиiстi техникалық жарақтандырумен және мемлекеттің азаматтарына электронды қызмет көрсетудiң бiрыңғай жүйесi шеңберiнде аймақтарды ақпараттық қамтамасыз етудiң кiрiктiрілген жүйесiн құрумен қоса жүретiн болады;
в) мүгедектiктiң алдын алу бөлiгiнде мүгедектерге медициналық, әлеуметтiк және білім беру қызметтерiне қол жетiмдiгiн қамтамасыз eту және оларды оңалту жүйелерiн жетiлдiру
оңалтудың кешендi және облыстық бағдарламаларына қосымша оңалту қызметтерiне мүгедектердiң қол жетiмдiгiн қамтамасыз етуге және олардың тұрғылықты жерiне жақындатуға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерiне қол жетiмділiктi қамтамасыз етуге, оңалту және мүгедектердi еңбекке орналастыру мекемелерiнiң желiсiн дамыту жөнiндегi нақты шаралар әзiрленедi.
г) әлеуметтiк қызметтер көрсету бөлiгiнде
қызметтерге мұқтаж халықтың жекелеген санаттары үшін әлеуметтiк қызметтердiң тұтастай жүйесiн кезең-кезеңiмен құру көзделедi;
д) еңбек қатынастарын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бөлiгiнде
жұмыспен қамтудың белсендi саясатын iске асыру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады: еңбек рыногы мониторингінің негiзiнде жаңа жұмыс орындарын құру, кәсiби даярлықты ұйымдастыру, еңбек рыногында нысаналы топтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсiби даярлау, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстардың экономикалық тұрғыдан тиiмдi түрлерiн дамыту және пайдалану.
3.6.2. Ақпараттық қамтамасыз етудi және әлеуметтiк статистиканы жетiлдiру
Ақпараттық қамтамасыз етудi жетiлдiру азаматтарға электронды қызмет көрсетудiң бiрыңғай жүйесiн құру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады және ол мыналарды қамтиды:
- әлеуметтік төлемдердi және әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк төлемдер жүйесiне қатысушылар аударымдарын есепке алу мен бақылаудың бiрыңғай дербестендiрiлген жүйесiн құру;
- аз қамтылған отбасыларының олардың сандық, сапалық сипаттамасын және әлеуметтiк жағдайын көрсететiн дерекқорын жасау;
- мүгедектердiң саны, мүгедектiктiң жай-күйi мен себептерi, мүгедектердiң қажеттiлiктерi мен оларды қанағаттандыру туралы ақпараты бар мүгедектердiң дерекқорын жасау;
- әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне әкiмшiлiк етудiң тиiмдiлігін жақсарту мақсатында әлеуметтiк төлемдер (Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан зейнетақылар, мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтiк төлемдер) iстерiнiң электрондық мұрағатын жасау (2005 жыл), кейiннен зейнетақылар мен жәрдемақыларды (2007 жыл) электрондық тағайындау тетiгін енгiзу;
- iрi кәсiпорындардың (еңбектi қорғау және оның қауiпсiздігін сақтау, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптік аурулар деңгейi) дерекқорын құру.
Қазiргі бар ақпараттық жүйе және жасалған дерекқоры негiзiнде деректер алмасудың бiрыңғай форматы, ақпараттық кiшi жүйелер мен дерекқорының өзара iс-қимылдары бар ауылдық, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдi қамтитын сатылас құрылымы болатын кiрiккен ақпараттық жүйе жасалатын болады.
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жасалатын "Қазақстан ресурстары", "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар" дерекқорының интерфейсi әзiрленiп, iске асырылатын болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың ақпараттық жүйесiнiң кiрiккен моделi әлеуметтiк статистиканы дамыту үшiн негiз болып табылады.
3.6.3. Кадрмен қамтамасыз ету
Әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң негiзгi бағыттарын iске асыру әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесi кадрларын даярлауды және біліктілігiн арттыруды қажет етедi.
Осыған байланысты:
- жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында арнаулы факультеттер мен бөлiмшелердi аша отырып, әлеуметтiк қызметкерлердi;
- білiкті актуарийлердi қайта даярлаудың жүйесiн ұйымдастыру қажет.
Қызметкерлердiң білiктiлiгiн арттыруды және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшiн:
- сарапшы дәрiгерлердiң білiктiлігін арттыру циклдарын Алматы мемлекеттiк дәрiгерлердi жетiлдiру институтында және бейiндi ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми орталықтарда ұйымдастыру;
- орталық, аумақтық және жергілiкті атқарушы органдар әлеуметтiк қызметкерлерi үшiн жоғары және орта кәсiптiк оқу орындары мен "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру курстары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны базасында арнаулы бағдарламаларын әзiрлеу;
- әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерiмен айналысатын үкiметтік емес ұйымдарды және халықаралық институттарды тарта отырып, әлеуметтік саясаттың негізгi бағыттары бойынша арнаулы курстар ұйымдастыру;
- әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн актуарлық талдау мәселелерi жөнiндегi озық орталықтарда тағылымдамадан өтудi пайдалана отырып, ұлттық актуарийлердi даярлауды қарастыру көзделедi.
3.7. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
Бағдарламаны орындау оны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының негізiнде жүзеге асырылатын болады.
Iс-шаралар жоспары әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру, еңбек қатынастарын реттеу, жемiсті жұмыспен қамтуға және ұсынылатын әлеуметтiк қызметтер сапасын арттыруға жәрдемдесу жөніндегi негізгі бағыттарды айқындайды.
Кешендi iс-шаралар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды тереңдетудiң негізгі бағыттары бойынша мақсатты және келiсiлген iс-қимылдарды қамтамасыз етудегi атқарушы органдардың барлық деңгейлерiндегі қызметтi үйлестіруге және жұмылдыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шараларды орындау барысын бақылау арқылы Бағдарламаны iске асырудың тұрақты мониторингiн және тиiмділігiн бағалауды жүзеге асыратын болады.
IV бөлiм. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты, жұмыс берушінiң және/немесе қызметкерлердiң мiндетті және epiкті жарналары қаржыландырудың көздерi болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру үшін республикалық бюджеттен барлығы 171632,6 млн. теңге, оның iшiнде 2005 жылы - 28463,1 млн. теңге, 2006 жылы - 56699,0 млн. теңге, 2007 жылы - 86470,5 млн. теңге сомасында қосымша қаражат талап етіледi.
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар шығыстарының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленетiн (нақтыланатын) болады. Жергілікті бюджеттерден шығыстарды жергілiктi өкiлдi органдар белгiлейтiн болады.
V бөлiм. Бағдарламаны iске асырудан
күтілетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру:
мемлекеттік бюджет қаражаты, жұмыс берушілердiң және/немесе қызметкерлердiң мiндеттi жарналары мен ерiктi қаражаты есебiнен халықты әлеуметтiк қамсыздандырудың деңгейiн арттыруға:
халықты әлеуметтік қамсыздандырумен қамтуды кеңейтуге;
кедейлiк деңгейiн азайтуға;
еңбек жағдайлары мен қауiпсiздiгiн жақсартуға;
көлеңкелi жұмыспен қамтуды қысқартуға;
жұмыссыздық деңгейiн азайтуға;
ұсынылатын әлеуметтiк қызметтер көрсету сапасын арттыруға;
әлеуметтiк қатерлердi сақтандыруды және сақтандыру рыногын дамытуға;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнде есепке алудың бiрыңғай дербестендiрілген жүйесiн және әлеуметтiк төлемдер мен аударымдарды бақылау жүйесiн құруға ықпал ететiн болады.
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру және халықтың табысын ұлғайту төлем қабілетіне сұраныстың артуына әкеп соғады және ол экономикалық өсудiң серпiнi болып табылады.
VI бөлiм. Қазақстан Республикасында әлеуметтiк
реформаларды одан әрi тереңдетудің 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асыру жөнiндегi
Iс-шаралар жоспары
____________________________________________________________________
p/c| Iс-шаралар | Аяқталу |Орындалуы| Орын- | Бол- |Қаржы-
N | | нысаны | (iске | далу |жамды |ланды-
| | |асырылуы)| (iске |шығыс-| ру
| | | үшiн | асыру)| тар, |көзi
| | |жауапты- |мерзімi| млн. |
| | | лар | |теңге |
___|_____________________|__________|_________|_______|______|______
1. Мемлекеттiк әлеуметтік стандарттарды жетілдіру
____________________________________________________________________
1.1. Ең төмен күнкөрiс Ведомство- ЕХҚМ, 2005 Талап
көлемін айқындау лық норма- СА, жылғы етіл-
әдiстемесiн тивтiк ДСМ, І мейді
жетiлдiру құқықтық БҒМ тоқсан
кесiмдер
жобасы
1.2. Ең төмен мемле- Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
кеттiк әлеуметтік Республи- ДСМ, БҒМ жылғы етіл-
стандарттарды касы ІІІ мейді
белгілейтін, жәр- Заңдарының тоқсан
демақылар мен жобалары
басқа да әлеумет-
тік төлемдердiң
мөлшерін айқындай-
тын нормативтік
құқықтық кесiмдер-
дiң түгендемесiн
жүзеге асыру және
оларды "Ең төменгi
күнкөрiс деңгейi
туралы" Қазақстан
Республикасы
Заңымен сәйкес
келтiру
1.3. Ең төмен күнкөрiс Қазақстан ЕХҚМ, Тоқсан Талап
көлемiн айқындау Республи- МАСМ, сайын етіл-
әдiстемесін халық- касының облыс- мейді
аралық тәжiрибе Үкiметiне тардың,
негізiнде және ақпарат Астана
халықаралық ұйым- және
дармен бірлесіп Алматы
жетілдіру жөнінде қалала-
жүргiзiлетін жұмыс рының
туралы халық әкімдері
арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргi-
зудi қамтамасыз
ету
____________________________________________________________________
2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру
____________________________________________________________________
2.1. Әлеуметтік қамсыздандырудың базалық деңгейі
____________________________________________________________________
2.1.1. Әлеуметтік қамсыз- Қазақстан ЕХҚМ, 2005- 2005 ж.- Рес-
дандырудың базалық Республи- ЭБЖМ 2007 13128,7 пуб-
деңгейін енгізу касы жылдар 2006 ж.- лика-
жөніндегі норма- Заңдары- 44372,1 лық
тивтік құқықтық ның 2007 ж.- бюд-
кесімдердің жоба- жобалары 55508,6 жет
ларын әзiрлеу
____________________________________________________________________
2.2. Негізгi әлеуметтiк тәуекелдердi сақтандыруды дамыту
____________________________________________________________________
2.2.1. Зейнетақы төлеу Қазақстан ЕХҚМ Жыл 2005 ж.- Рес-
жөнiндегі мемле- Республи- сайын 9490,0; пуб-
кеттiк орталық- касының IV 2006 ж.- лика-
тан төленетiн Үкіметі тоқсан 15933,7; лық
зейнетақы төлемде- қаулысы- 2007 ж.- бюд-
рiнің мөлшерiн ның 19016,7 жет
кезең-кезеңiмен жобасы
арттыруды қамта-
сыз ету
2.2.2. "Қазақстан Респуб- Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
ликасында зейнет- Республи- ҚҚА жылғы етілмей-
ақымен қамсыздан- касы (келiсім І ді
дыру туралы" Заңының бойын- тоқсан
Қазақстан Респуб- жобасы ша),
ликасының Заңына : ҚарМ
- жинақтаушы
зейнетақы қорлары
мен сақтандыру
ұйымдарынан төле-
нетін зейнетақы
төлемдерінің
тетігін жетілдіру
бойынша;
- мiндеттi зейнет-
ақы жарналарын
есептеу үшiн
қабылданатын ең
жоғары табыстың
мөлшерiн азайту
бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар
eнгізу
2.2.3. "Салық және Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
бюджетке төленетiн Республи- ҚҚА жылғы етілмей-
басқа да мiндетті касының (келiсім ІІІ ді
төлемдер туралы" Үкіметіне бойын- тоқсан
Қазақстан Респуб- ұсыныс ша),
ликасының Кодексi- ЭБЖМ,
не жинақтаушы ҚарМ
зейнетақы схема-
ларын дамытуды
ынталандыру бойын-
ша өзгерiстер
енгiзу жөнiнде
ұсыныстар енгізу
2.2.4. Жалдану бойынша Қазақстан ЕХҚМ, 2007 Талап Рес-
жұмыс iстейтiн, Республи- ҚҚА жылғы етілмей- пуб-
жүктілігі, босануы касының (келiсім ІІ ді лика-
және бір жасқа Үкіметіне бойын- тоқсан лық
дейiнгі балаға ұсыныс ша), бюд-
күтім жасау бойын- ЭБЖМ жет
ша демалыста
жүрген әйелдердiң
пайдасына мiндетті
зейнетақы жарнала-
рын мемлекеттiк
субсидиялау мүм-
кiндiгiн қарастыру
2.2.5. Зейнетақы төлеу Қазақстан ЕХҚМ, 2005- Бөлінетін Рес-
жөнiндегi мемле- Республи- ҚҚА 2007 қаражат пуб-
кеттiк орталық касы (келiсiм жылдар шегінде лика-
арқылы жинақтаушы Заңының бойын- лық
зейнетақы жүйесін- жобасы, ша), ҰБ бюд-
дегі төлемдердi Қазақстан (келiсiм жет
одан әрі оңтайлан- Республи- бойынша)
дыруды қамтамасыз касының
ету. Міндетті Үкіметі
зейнетақы жарна- қаулысы-
ларына мониторинг ның
жүйесiн енгiзу жобасы,
ведомство-
лық норма-
тивтік
құқықтық
кесімнің
жобасы
2.2.6. Зейнетақы актив- Қазақстан ҚҚА Жыл Талап
терін инвестиция- Республи- (келiсiм сайын етілмей-
лау үшін қаржы касының бойын- ді
құралдарының Үкiметiне ша),
тізбесін дамыту ақпарат ҚарМ,
және кеңейту ЕХҚМ, ҰБ
жөніндегi жұмысты (келiсiм
жалғастыру бойын-
ша),
ЭБЖМ,
салалық
мемле-
кеттік
органдар
2.2.7. Ай сайынғы инвес- Ведомст- ҚҚА 2005 Талап
тициялық табыстар волық (келісім жылғы етіл-
(зияндар), ай норматив- бойынша) ІІІ мейді
сайынғы жарналар тік тоқсан
мен комиссиялық құқықтық
сыйақы сомалары кесімнің
туралы жинақтаушы жобасы
зейнетақы қорлары-
ның міндетті жыл
сайынғы ақпараты-
ның форматын
ұлғайту
2.2.8. Зейнетақы активте- Қазақстан ҚҚА 2007 Талап
рін сақтандыру Республи- (келiсім жылғы етіл-
қорын құрудың касының бойын- II мейді
орындылығы туралы Үкiметіне ша), тоқсан
мәселенi қарау ұсыныс ЕХҚМ,
Қазақстан
қаржы-
герлері-
нің
қауым-
дастығы
(келiсім
бойынша)
2.2.9. Әлеуметтiк тәуе- Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
келдердi сақтанды- Республи- ҚҚА жылғы етіл-
рудың ерiктi және касының (келiсім қаңтар мейді
кәсіптік схемала- Үкіметіне бойын-
рын ынталандыру ұсыныс ша),
жөніндегi шаралар- Қарм
ды әзiрлеу
2.2.10. Еңбек ету қабіле- Ведомст- ЕХҚМ, 2005 Талап
тiнен айрылу волық ДСМ жылғы етілмей-
дәрежесiн куәлан- норматив- қаңтар ді
дыру және белгі- тік
леу ережесін құқықтық
әзiрлеу және кесімнің
бекiту жобасы
2.2.11. Жұмыс бepуші мін- Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
детті әлеуметтік Республи- ҚарМ, ҰБ жылғы етілмей-
аударымдар жүргi- касының (келiсім ІІІ ді
зетін қызметкер Үкіметіне бойын- тоқсан
табысының ең ұсыныс ша),
жоғары мөлшерiн ЭБЖМ
анықтау жөнiнде
ұсыныстар енгізу
2.2.12. Мемлекеттік анну- Қазақстан ЕХҚМ, 2004 Талап
итеттiк компания Республи- ҚарМ, жылғы етіл-
құру мәселесiн касының ҚҚА IV мейді
қарау Үкіметіне (келiсім тоқсан
ұсыныс бойын-
ша), ҰБ
(келiсу
бойын-
ша),
ЭБЖМ
____________________________________________________________________
2.3. Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруды жетілдiру
____________________________________________________________________
2.3.1. "Балалы отбасы- Қазақстан ЕХҚМ, 2004 2007 ж.- Рес-
ларға берілетін Республи- ЭБЖМ, жылғы 15291,0 пуб-
мемлекеттік жәр- касы облыс- ІІІ лика-
демақылар туралы" Заңының тардың, тоқсан лық
Қазақстан Респуб- жобасы Астана бюд-
ликасы Заңының және жет
жобасын әзірлеу Алматы ______________
қалала- Бөлінетін Жер-
рының қаражат гі-
әкімдері шегінде лікті
(атаулы бюд-
әлеумет- жет
тiк көмек-
ке арналған
қаражат-
ты азайту
есебiнен)
2.3.2. "Meмлекеттік Қазақстан ЕХҚМ, 2004 Талап
атаулы әлеуметтiк Республи- ЭБЖМ, жылғы етілмей-
көмек туралы" касы облыс- ІІІ ді
Қазақстан Респуб- Заңының тардың, тоқсан
ликасының Заңына жобасы Астана
өзгерiстер мен және
толықтырулар енгi- Алматы
зу туралы" қалала-
Қазақстан Респуб- рының
ликасы Заңының әкімдері
жобасын әзiрлеу
2.3.3. Әртүрлi әлеуметтік Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
көмек түрлерiн Республи- СА, жылғы етіл-
алуға үміткер касының ЭБЖМ, І мейді
адамдар үшін жиын- Үкіметіне ҚарМ тоқсан
тық табысты eceп- ұсыныс
тeу әдiстемесiн
жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізу
2.3.4 Тұрғын үй көмегін Қазақстан ИСМ, 2006 Талап
берудi оңтайланды- Республи- ЕХҚМ, жылғы етіл-
ру жөнiнде ұсыныс касының ЭБЖМ, IV мейді
енгiзу Үкiметіне ТМРА тоқсан
ұсыныс (келiсім
бойын-
ша),
облыс-
тардың,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері
2.3.5. Мүгедектердiң Қазақстан ЕХҚМ, 2007 Талап
сурдо-тифлотехни- Республи- ЭБЖМ, жылғы етіл-
ка және протез- касының ҚарМ ІV мейді
ортопедиялық Үкіметіне тоқсан
бұйымдарын сатып ұсыныс
алуға арналған
шығындарын өтеуге
кезең-кезеңімен
көшудің мүмкінді-
гін қарастыру
2.3.6. Ұлы Отан соғысының Қазақстан ЕХҚМ, 2005 2005 ж.- Рес-
қатысушылары мен Республи- ЭБЖМ жылғы 2791,1; пуб-
мүгедектерi үшін касы І 2006 ж.- лика-
арнайы мемлекеттiк Заңының тоқсан 2338,4; лық
жәрдемақылардың жобасы 2007 ж.- бюд-
мөлшерін арттыруды 1854,6 жет
қамтамасыз ету
2.3.7. Қазақстан Респуб- Қазақстан ЕҚХМ, 2005 2005 ж.- Рес-
ликасы Президентi- Республи- ЭБЖМ, жылғы 1109,6 пуб-
нiң 2004 жылғы 19 касының облыс- І лика-
наурыздағы Жолдау - Үкіметі тардың, тоқсан лық
ына сәйкес Ұлы қаулысының Астана бюд-
Отан соғысының жобасы және жет
қатысушылары мен Алматы
мүгедектерiне қалала-
бiржолғы көмек рының
көрсетудi қамтама- әкімдері
сыз ету
____________________________________________________________________
3. Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
____________________________________________________________________
3.1. Функционалдық Қазақстан ДСМ, 2005 Талап
сыныптарды тірші- Республи- ЕХҚМ жылғы етіл-
лiк пен денсаулық- касының ІV мейді
ты шектеу қызметi- Үкіметіне тоқсан
нiң халықаралық ұсыныс
жіктемесi негізiн-
де анықтау әдiсте-
месiн кезең-кезе-
ңімен енгiзу
жөнiнде ұсыныс
енгізу
3.2. Мүгедектердi Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Бағ-
оңалтудың 2006- Республи- ДСМ, жылғы дарлама
2008 жылдарға касының БҒМ, ІV пара-
арналған бағдарла- Үкіметі ЭБЖМ тоқсан метр-
масының жобасын қаулысы- леріне
әзiрлеу ның сәйкес
жобасы респу-
блика-
лық
және
жергі-
лікті
бюд-
жеттер
3.3. Протез-ортопедия- Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
лық көмек берудi, Республи- ИСМ, жылғы етіл-
мүгедектердi касының ДСМ, І мейді
сурдо-тифло құрал- Үкiметiне БҒМ тоқсан
дармен қамтамасыз ұсыныс
етудi және әлеу- енгізу
меттiк қызметтер
көрсетуді жетiлдi-
ру жөнiнде ұсыныс-
тар енгізу
3.4. Әлеуметтiк қызмет- Ведомст- ЕХҚМ, 2005- Талап
тер көрсетудiң волық ДСМ, 2007 етіл-
мемлекеттiк стан- норматив- БҒМ жылдар мейді
даттарын әзiрлеу тік
құқықтық
кесімнің
жобасы
3.5. Жұмыс iстеп тұрған Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
интернат мекемеле- Республи- облыс- жылғы етіл-
рi жүйесін ықшам- касының тардың, ІІ мейді
дау мақсатымен Үкіметіне Астана тоқсан
шағын интернат ұсыныс және
мекемелерін ашу Алматы
жөнінде ұсыныстар қалала-
енгізу рының
әкімдері
3.6 Жалғызіліктi қарт Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
азаматтар мен Республи- облыс- жылғы етіл-
мүгедектерге әлеу- касының тардың, ІІІ мейді
меттiк қызмет Үкіметіне Астана тоқсан
көрсетудiң аумақ- ұсыныс және
тық орталықтары Алматы
желiсiн кеңейту қалала-
жөнiнде ұсыныстар рының
енгiзу әкімдері
____________________________________________________________________
4. Әлеуметтiк қызметтер жүйесін жетілдіру
____________________________________________________________________
4.1. Әлеуметтiк қызмет- Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап Жергі-
тер көрсететiн Республи- ДСМ, жылғы етіл- лікті
ұйымдар жүйесiн касының БҒМ, ІІІ мейді бюд-
кеңейту жөнiнде Үкіметіне ЭБЖМ, тоқсан жет
ұсыныстар енгiзу ұсыныс облыс-
енгізу тардың,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдерi,
ҮЕҰ (келісім
бойынша)
4.2. Әлеуметтік Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
қызметтер көрсе- Республи- МСА жылғы етіл-
туге арналған касының ІІІ мейді
мемлекеттік тапсы- Үкіметіне тоқсан
рысты қалыптастыру ұсыныс
және мемлекеттiк
сатып алуды
жүргізу рәсiмдерін
жетілдіру жөнінде
ұсыныс енгізу
4.3. Мүгедектердiң Қазақстан БҒМ, 2005 Талап
жоғары және орта Республи- ЕХҚМ жылғы етіл-
кәсіптiк оқу орын- касының ІІ мейді
дарына түсуі үшін Үкіметіне тоқсан
квота белгілеу ұсыныс
жөнінде ұсыныс
енгізу
4.4. Мүгедек балаларға Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап
арналған интернат Республи- БҒМ, жылғы етіл-
мекемелерiнiң касы облыс- IV мейді
базасында және Үкiметіне тардың, тоқсан
арнаулы білім ұсыныс Астана
берудiң түзеу және
ұйымдарында оңалту Алматы
бөлімшелерiн, қалала-
күндiзгі немесе 5 рының
күндiк бөлімшеле- әкiмдерi
рін ашу жөнінде
ұсыныстар енгізу
____________________________________________________________________
5. Халықтың жұмыспен қамтылуының нәтижелi болуына
жәрдемдесу және еңбек қатынастарын реттеуді жетілдіру
____________________________________________________________________
5.1. Халықтың заңды секторда жұмыспен өнімдi
қамтылуына жәрдемдесу
____________________________________________________________________
5.1.1. Қазақстан Респуб- Қазақстан ЕХҚМ, 2004 Талап
ликасының халқын Республи- ОӘIҰК жылғы етіл-
жұмыспен қамтудың касының (келiсім IV мейді
2005-2007 жылдарға Үкіметі бойын- тоқсан
арналған бағдар- қаулысының ша),
ламасын әзiрлеу жобасы ИСМ,
ЭБЖМ,
облыс-
тардың,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдepi
5.1.2 ТМД, ЕурАзЭҚ, Халықара- ЕХҚМ, 2005- Талап
ЕЭҚ шеңберiндегі лық СIМ 2007 етіл-
еңбек көші-қоны келісім- жылдар мейді
мәселелерi жөнiнде дердің
халықаралық келi- жобалары
сiмдер жобаларын
әзiрлеуге қатысу
____________________________________________________________________
5.2. Еңбек қатынастарын жетiлдiру және әлеуметтік
әрiптестiкті дамыту
____________________________________________________________________
5.2.1. Қазақстан Респуб- Қазақстан ЕХҚМ 2004 Талап
ликасы Еңбек Респуб- жылғы етіл-
кодексінiң жобасын ликасы IV мейді
әзiрлеу Еңбек тоқсан
кодексінің
жобасы
5.2.2 Уақытша еңбекке Қазақстан ЕХҚМ 2005 2007 ж.-
жарамсыздығы Республи- жылғы 2037,2
бойынша жәрдемақы- касының IV
ның мөлшерін арт- Үкіметіне тоқсан
тыру жөнiнде ұсы- ұсыныс
ныстар енгізу
5.2.3. Өндiрiстiк объек- Ведомст- ЕХҚМ, 2005 Талап
тiлердi еңбек волық ДСМ жылғы етіл-
жағдайлары бойынша норматив- қаңтар мейді
аттестаттауды тік
жүргізу ережесін құқықтық
әзірлеу кесімнің
жобасы
5.2.4. Қолданылып жүрген Қазақстан ЕХҚМ 2005 Талап
үлгiлік нормалары Республи- жылғы етіл-
мен еңбек норма- касының IV мейді
тивтерін түгендеу- Үкіметіне тоқсан
дi жүргізу ұсыныс
5.2.5. Қазақстан Респуб- Келісімнің ЕХҚМ, 2005 Талап
ликасының Үкіметi, жобасы респуб- жылғы етіл-
республикалық ликалық қаңтар мейді
кәсіподақтар бір- кәсіп-
лестіктері мен одақтар
республикалық бірлес-
жұмыс берушілер тіктері
бiрлестiктерi ара- мен
сында 2005-2007 респуб-
жылдарға арналған ликалық
Бас келiсiмнiң жұмыс
жобасын әзiрлеу берушілер
бірлес-
тіктері
____________________________________________________________________
5.3. Көлеңкелi жұмыспен қамтуды заңдастыру жөнiндегi шаралар
____________________________________________________________________
5.3.1. "Халықты жұмыспен Қазақстан ЕХҚМ 2004 Талап
қамту туралы" Республи- жылғы етіл-
Қазақстан Респуб- касы IV мейді
ликасының Заңына Заңының тоқсан
өзгерiстер енгізу жобасы
5.3.2. Кәсіпкерлік қыз- Қазақстан ИСМ, 2005- Талап
меттi қорғау мен Республи- ЭБЖМ, 2007 етіл-
ынталандыру жөнiн- касы ЕХҚМ, жылдар мейді
де шаралар әзiрлеу Үкіметіне облыс-
ұсыныс тардың,
Астана
және
Алматы
қалала-
рының
әкімдері
5.3.3. Қазақстан Қазақстан ЕХҚМ жыл Талап
Республикасының Республи- сайын етіл-
аумағында еңбек касының І мейді
қызметiн жүзеге Үкіметі тоқ-
асыру үшін шетел- қаулысының санда
дiк жұмыс күшін жобасы
тартуға квота
белгілеу
5.3.4. Қазақстан Респуб- Қазақстан ЕХҚМ 2005 Талап
ликасының "Әкімші- Республи- жылғы етіл-
лік құқық бұзушы- касының ІІІ мейді
лықтар туралы" Үкіметіне тоқсан
кодексіне көлеңке- ұсыныс
лi экономикада
жұмыспен қамтылған
және салықтар мен
әлеуметтік төлем-
дердi төлеуден
жалтаратын азамат-
тардың жауапкерші-
лігін белгілеу
бойынша толықтыру-
лар енгізу туралы
ұсыныстар енгізу
____________________________________________________________________
6. Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесін басқаруды жетілдіру
____________________________________________________________________
6.1. Әлеуметтік реформаларды тереңдетудің өңiрлiк аспектілері
____________________________________________________________________
6.1.1. Халықты әлеумет- Қазақстан ЕХҚМ, Жыл Талап
тік қорғау жүйесiн Республи- облыс- сайын етіл-
өңiрлiк деңгейде касының тардың, мейді
басқаруды жетiлдi- Үкіметіне Астана
ру жөнінде шаралар ақпарат және
қабылдау Алматы
қалала-
рының
әкiмдері
____________________________________________________________________
6.2. Ақпараттық қамтамасыз етудi және әлеуметтiк статистиканы
жетiлдiру
____________________________________________________________________
6.2.1. Әлеуметтiк қамсыз- Қазақстан ЕХҚМ, 2005- Бөлінетін Рес-
дандырудың кiрiк- Республи- БИА 2007 қаражат пуб-
тiрілген ақпарат- касының жылдар шегінде лика-
тық жүйесін құру Үкіметіне лық
ақпарат бюд-
жет
____________________________________________________________________
6.3. Кадрмен қамтамасыз ету
____________________________________________________________________
6.3.1. Арнайы факультет- Қазақстан БҒМ, 2005
тер мен бөлiмшелер Республи- ЕХҚМ жылғы
ашу арқылы жоғары касының IV
және орта кәсіптік Үкіметіне тоқсан
оқу орындарында ақпарат
әлеуметтiк қызмет-
керлердi даярлау
жүйесiн ұйымдастыру
6.3.2. "Қазақстан Респуб- Қазақстан ЕХҚМ 2005- 2005 ж.- Рес-
ликасы Еңбек және Республи- 2007 5; пуб-
халықты әлеуметтік касының жылдар 2006 ж.- лика-
қорғау министрлi- Үкіметіне 5,3; лық
гінің Кадрлар ақпарат 2007 ж.- бюд-
бiлiктілігін 5,6 жет
арттыру курстары"
РМҚК базасында
халықты әлеумет-
тік қорғау
жүйесi қызметкер-
лерiнiң біліктілі-
гін арттыруды
қамтамасыз ету
6.3.3. Алматы мемлекеттік Ведомст- ДСМ, 2006- Талап Рес-
дәрігерлердiң волық, ЕХҚМ 2007 етіл- пуб-
білімiн жетілдіру норма- жылдар мейді лика-
институтында және тивтік лық
бейiндiк ҒЗИ, құқықтық бюд-
FО-да сарапшы- кесімнің жет
дәрігерлердiң жобасы
біліктілігін
арттыру циклдарын
ұйымдастыру
6.3.4. Ұлттық актуарийлер Қазақстан ЕХҚМ, 2005
даярлау жүйесiн Республи- БҒМ, жылғы
ұйымдастыру жөнiн- касының ҰБ, ҚҚА ІІІ
де ұсыныс енгiзу Үкіметiне (келiсiм тоқсан
ұсыныс бойынша)
____________________________________________________________________
Ескертпе:
1. Республикалық бюджеттен барлығы 182887,6 млн. теңге қосымша қаражат талап етiледi, оның iшінде: 2005 жылы - 26524,4 млн. теңге; 2006 жылы - 62649,5 млн. теңге; 2007 жылы - 93713,7 млн. теңге.
2. Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыруға көзделген шығыстар республикалық және жергілiкті бюджеттердi тиiсті жылға қалыптастыру кезiнде түзетілетін болады.
3. Әріп аббревиатураларының толық жазылуы:
ЕХҚМ - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі; ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі; БҒМ - Білім және ғылым министрлігі; ЭБЖМ - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі; ҚарМ - Қаржы министрлігі; ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі; CIM - Сыртқы iстер министрлiгі; СА - Статистика агенттігі; ҚҚА - Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттік; TMPA - Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiк; МСА - Мемлекеттiк сатып алу жөніндегi агенттiк; МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі; АБА - Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiк; ОӘIҰК - Отбасы мен әйелдер істерi жөніндегі ұлттық комиссия; ҰБ - Ұлттық Банк; YEҰ - үкіметтiк емес ұйымдар.