Әлеуметтік-экономикалық саясаттың әлеуметтiк аспектiлерiн қарау жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 44-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.22. N 407 қаулысымен.

      "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 26-ө өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Шойынбаев                  - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Мәлік Өлмесұлы               Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі
                             (келісім бойынша)

Парусимова                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Любовь Ивановна              министрлігінің Мемлекеттік органдарды
                             қаржыландыру департаменті директорының
                             орынбасары

      Премьер-Министр