Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген материалдық емес активтердi қоспағанда, шетелдiк қаржы құралдарының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 66 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 66 Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.11. N 977 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген материалдық емес активтердi қоспағанда, шетелдiк қаржы құралдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.11. N 977 қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметінiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1236 қаулысымен    
бекiтілген        

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру
үшін рұқсат етiлген материалдық емес активтердi қоспағанда, шетелдiк қаржы құралдарының тiзбесi

      1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздармен;
      2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен;
      3) корпоративтік бағалы қағаздармен;
      4) жылжымайтын мүлiк (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздармен;
      5) акциялармен;
      6) репо және кері репо операцияларымен;
      7) депозиттермен (салымдармен);
      8) кепiлдiк арқылы бағалы қағаздарды қарызға берумен (securities lending);
      9) стандартты туынды қаржы құралдарымен;
      10) құрылымдық өнімдермен;
      11) валюталармен;
      12) ақша нарығы қорларымен шектеледi.
      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.11. N 977 қаулысымен.