Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi  Бюджет кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінiң         
2004 жылғы 26 қарашадағы  
N 1236 қаулысымен     
бекiтілген         

  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру
үшін рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және
материалдық емес активтердi қоспағанда,
өзге де мүлiктiң тiзбесi

      1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздармен;
      2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен;
      3) корпоративтік бағалы қағаздармен;
      4) жылжымайтын мүлiк (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздармен;
      5) акциялармен;
      6) репо және кері репо операцияларымен;
      7) депозиттермен (салымдармен);
      8) кепiлдiк арқылы бағалы қағаздарды қарызға берумен (securities lending);
      9) стандартты туынды қаржы құралдарымен;
      10) құрылымдық өнімдермен;
      11) валюталармен шектеледi.